Талантты таэквондошы
«Ауылға жеңіспен ораламын» деген мақсат Ғайнидың бойына күш-жігер береді. Тіпті, еңсені басатын аптап ыстық та мұратынан жаңылыстырмайтындай. Жарыс басталып, төрешісі дабыл қақты. Шаршы алаңға Түркістанның тумасымен шықты. Жауапты сәтте бапкердің үйреткен әдіс-тәсілін мүлтіксіз орындап, қарсыластың осал тұсын табу маңызды. Айлап, жылдап төккен терден нәтиже шығару үшін аянып қалуға әсте болмайды. Бұл – Қызылорда қаласында өткен республикалық IX жазғы спартакиадасында Ғайнидың түйген ойы еді.
Аламанға тастүйін дайындықпен барған ол алғашқы кездесуінде түркістандық қарсыласын жарыс жолынан шығарады. Одан кейін алматылық таэквондошының осал тұсын табуда тер төкті. Бірақ, Алматыдан келген қарсыласы оңай берілетін спортшыдан емес. Ұпай саны бірде Ғайниға басымдық берсе, бірде қарсыласына қарай ойысты. Шәкіртінің іс-әрекетін бақылап тұрған жаттықтырушы «Ғайни алға», «қарсыластың қателігін бақ» деп жөн сілтеуде. Уақыт бір орында тұрушы ма еді? Ғайни ақылды да зерек спортшы ғой. Қарсыласының қателігін аңдып тұрып шешуші тәсіл жасады. Осылайша есеп 6:4-ке жетіп, кездесу Ғайнидың пайдасына шешілді. Залдың бәрі шулап, қаршадай қаракөздің шапшаңдығына тәнті болды. Осылайша Ғайни Ғалымжанқызы облыс абыройын асқақтатып, республикалық спартакиаданың чемпионы атанған болатын.
Бұл оның бір ғана емес. 15 жасар жеткіншектің жіпке тізерліктей жетістері жетерлік. Атырау, Рудныйда өткен жасөспірімдер арасындағы таэквондодан 2 рет күміс жүлдегер атанып, Халықаралық «Almaty Open Bars Cup» А-санатындағы жоғары санаттағы спортшылар арасында өткен таэквондодан күміс иеленіп, Бекзат Сәттархановты еске алуға арналған Республикалық турнирде екі мәрте бас жүлдені қанжығасына байлады. Осылайша, ол Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер атағын сәтті қорғады.
Он бес жасқа енді толса да, жүлделі жеңістерді бағындырып, өз салмағындағы спортшыларды мойындата білген Ғайни Ғалымжанқызының спорттағы жеңісті жолы әлі алда екеніне сенеміз.
– 2013 жылы М.Қаратаев атындағы №51 мектепте 4 сынып оқитынмын. Ауданда таэквондо үйірмесі ашылып жатқанын хабарлап, Камилжан ағай келген болатын. Менің ынта-ықыласым күннен-күнге артып, ата-анамның рұқсатымен үйірмеге қатысамын деп шештім. Солай 4 сыныптан бастап, таэквондоның техникалық әдіс-тәсілдерін меңгере бастадым. Алғашында аудандық, облыстық турнирлерде топ жарып жүрдім. Кейіннен шынығу мен шыңдалудың арқасында республикалық, халықаралық чемпионаттарда жеңімпаз атана бастадым. Ендігі арманым, Азия және Олимпиада ойындарында чемпион атанып, қазақтың көк байрағын көкте желбірету, – дейді жас таэквондошы.
Иә нақты мақсат нәтижеге бастайтыны анық. Бүгінде алдына межелі мақсат қойған жаңақорғандық бұрымды ата-анасының қолдауымен, біліктілігін жетілдіру мақсатында Қызылордадағы Жалаңтөс Баһадүр атындағы спорт мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы. Бүгінге дейін Камилжан Нақышпановтың бапкерлігімен шыңдалып, қияға қанат қақса, облыста Рашид Сандықбаевтың қол астында жатттығады.
– Таэквондоны кез-келген спортшы меңгере алмайды. Өйткені, спорттың бұл түрі шымырлық пен шыдамдылықтан бұрын ақыл-ойдың шапшаңдығын, жылдамдық пен ептілікті талап етеді. Ал, мұндай әдіс-тәсілдерді Ғайни тез меңгеріп алды. Ол көбіне шаршы алаңда ұқыпытылығымен, ыждағаттылығымен, тәртібімен оқ бойы озып шығып, чемпион атанып жүр. Басты себеп те осы. Таэквондо – ұрыстың ең әдемі тактилары жиналған спорт түрі. Ал, жеңімпаздың кім болатынын қарсыласқа көрсеткен сәлемнен-ақ ұғуға болады. Ғайни осындай іс-қимылдарды ақылға салып қолданатын шапшаң спортшы. Сондықтан, оның келешегінен мол үміт күтуге болады, – дейді Жаңақорған аудандық олимпиадаға даярлау спорт-мектебінің жаттықтырушысы Камилжан Нақышпанов.
Ханзада ДОШАН