№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ОРАЗАЛЫНЫҢ ШӘКІРТТЕРІ ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

ОРАЗАЛЫНЫҢ ШӘКІРТТЕРІ ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ


Сұлу Көкшеден атымтай жаңалық жетті. Щучинск қаласында өткен шағын футболдан «Sport FEST Kazakhstan» республикалық оқушылар спартакиадасында біздің жігіттер күміспен қуантты. 14 облыс, Астана және Алматыдан барған жас футболшылар жасыл алаңда бақ сынады.
Сыр елінің атынан сынға түскен жаңақорғандық «Сығанақ» аяқ допшылары дәстүрлі ала доп аламанында аянып қалмады. Сығанақтықтар алғашқы кездесуінде Оңтүстік Қазақстан облысынан келген өрендерді 8:0 есебімен ойсырата жеңді. Одан кейін, алматылықтарды 10:1 есебімен тізе бүктірсе, топтағы үшінші кездесуінде Павлодар оқушыларынан оңай айласын асырды. Ширек финалда Қостанай жігіттерін, жартылай сында Алматыдан келген «Қайрат» жастарын қапы қалдырды.
Алайда, тартысты өткен финалда Оразалы Тасболатов баптайтын футболшылар Атырау жігіттеріне жол беріп қойды. Есеп 3:1. Ал, Сығанаққа есе жіберген қайраттықтар қолаға қол созды.
– Әрине, жарыс өте тартысты өтті. Өкініштісі жеңіске бір табан жетпей қалдық. Дегенмен, жігіттер барын салды. Бапкер берген тапсырманы тиянақты орындап шықтық, – деді Нұрзат Аманбай.
Шыны керек, Жаңақорғанда футбол мектебі қалыптасқан. Сондықтан болар облыстық ала доп аламандарында бәсіміз үнемі жоғары тұрады. Тұрсынхан Мұсаев баптаған жігіттерден кейін жастар облыста оза шауып жүр. Облыстық футбол лигасында үздік үштіктен түспейтін жаңақорғандық аяқ допшылар биыл да сол үрдістен жаңылмайтынына сенімдіміз. Міне, осындай аға буынның ізін жалғап келе жатқан жасөспірімдер республикалық додада жеңіс тұғырынан көрінді. Айта кетейік, №125. №169, №56 және №51 мектептен құралған Оразалы шәкірттері осы сынға іріктеу барысында облыс чемпионы атанған болатын.
– Бізге бұйырғаны күміс жүлде болды. Дегенмен, шәкірттер жарады, олардың жеңіске деген құштарлығы, мінезінің арқасында бірінші рет ақтық сында өнер көрсеттік. Әлі алда жоспар көп. Сондықтан, уақыт күттірмей алдағы жарыстарға жаттығуды бастайтын боламыз. Бізге қолдау көрсетіп, әрқашан демеу болып жүрген жандарға алғысымыз шексіз, – деді бас бапкер.

Әли ТЕМІРБЕК.
05 маусым 2018 ж. 1 217 0