№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ: ЕКІ АЛТЫН, БІР КҮМІС, БІР ҚОЛА

ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ: ЕКІ АЛТЫН, БІР КҮМІС, БІР ҚОЛА


Жаңақорғанда бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Айтулы спорттық аламанға Сыр өңірінен бес боксшы қатысса, оның төртеуі біздің өрендер еді. Сондықтан жаңақорғандықтар шаршы алаңға жерлестері көтерілгенде тақымын қысып, рухани қолдап отырды.
Соның арқасында болар, әлде бабы мен бағы қатар шапты ма, 32 келі салмақта өнер көрсеткен Бағдаулет Нұрмұғанбеттің қарсыластарынан бәсі биік болды. 34 келідегі Бақберген Тұрсынбай да бокс төрінде алтынға лайық өнер көрсетті. шаршы алаңда тең келер ешкім болмады. Қарағанды, Ақтөбе және ОҚО-нан келген қарсыластарын қапы қалдырған ол осымен екінші рет чемпион атанды.
– Әрине, биылғы чем­пионат оңайға соқпады. Өз жерімізде өтіп жатқандықтан жауапкершілік жүгі ауыр болды. Көрермендердің ерекше қолдауы арқасында бапкерлер берген тапсырманы тиянақты орындап, қарсыластарымның осал тұсын таптым, – деді жарыс жеңімпазы.
Одан бөлек, Нұрасыл Үсен (56 келі) күміске қол созса, Сауырбек Аблах қоланы қанағат тұтты. Осы орайда, аудан боксын өрлеуіне үлес қосқан Құрбаш Саркулов бастаған бапкерлер қауымының еңбегінің зор екенін айтқан жөн. Дінмұхамед Абайхан, Жандос Жаназаров және Нұрбек Исаевтың шәкірттері әлі де биіктерді бағындырарына сенім мол.
Ең бастысы, жас боксшылар осы бабын жоғалтып алмаса болғаны.

Әли ТЕМІРБЕК.
26 мамыр 2018 ж. 1 181 0