№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ЖЕҢІСІМДІ АСТАНА КҮНІНЕ АРНАЙМЫН»

«ЖЕҢІСІМДІ АСТАНА КҮНІНЕ АРНАЙМЫН»


Астана күні мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласында бокстан 2005-2006 жылы туылған балалар мен жасөспірімдер арасында облыстық біріншілік өткізілді. Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келген жарыс жоғары деңгейде өрбіді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйытқы болған дүбірлі додаға аймақтағы 21 спорт мектебінің жас былғары қолғап шеберлері қатысты.
Құрбаш Сарқұлов салған сара жолды бастап жаттықтырушы Жаназаров Жандос жаңақорғандық жеткіншектерді аламанға қосты. Жиырмаға жуық жас өреннің арасынан дара шыққан жалғыз Олжас Мүтән жарыс жеңімпазы болып, аудан абыройын асқақтатты. 44 келі салмақта қарсылас шақ келтірмеген жас спортшы жарысқа дайындықпен барғаны белгілі болды.
– Бокс үйірмесіне қатысқаныма 2 жыл толыпты. Бұған дейін Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданында өткен облыстық жарыста жүлделі орыннан көріндім. Ал Қызылорда қаласында өткен облыстық біріншілікті бар күш жігерімді сарқып жарыс жеңімпазы атандым. Бапкерлерімнің айтқан барлық тапсырмаларын шаршы алаңда орындауға тырыстым. Дер кезінде қарсыластарымның осал тұсын тауып, ауыр соққы жұмсауға барымды салдым. Жеңісімді Астана күні мерекесіне арнаймын, – дейді жас спортшы Мүтән Олжас.
Ашық біріншілікте жеңісті жолды жалғаған жаңақорғандық спортшылар қатары жүлделі орындармен толықты. Оразгелді Санжар, Махаббат Жалғас, Сейдулла Нұрмұхаммед күміс жүлдеге ие болса, Құрбанай Бағдаулет, Мыңжасар Нұрасыл, Қалжан Асылжан, Әбила Бексұлтан, Әбілтай Даниел қола жүлдені қанағат тұтты. Бұл жөнінде бізге спорт үйірмесінің жаттықтырушысы Жандос Жаназаров мәлімдеді. Оның айтуынша, шәкірттердің барлығы да жақсы дайындықпен барған. Бірінің бабы шаппаса, енді бірінің бағы жанбаған. Десе де, жақында ғана аудан орталығында өткен жасөспірімдер арасында ел чемпионатында жаңақорғандық жас өрендер өздерінің бабында екенін бір дәлелдеген болатын.
– Айта кету керек, ауданда бокс спортының қарышты дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған және әлі де болса бапкерлік кеңесін беруден аянбайтын Құрбаш Сарқұлов ағамыздан алған тәжірибе өзіндік нәтижесін беруде. Білікті жас бапкерлер Дінмұхаммед Абайхан мен Нұрбек Исаевтың тәлімді мектебінен өткен шәкірттер биік шыңнан көрінуде. Қызылорда қаласында өткен байрақты бәсекеде Олжас Қоғамбекұлы өзінің үздік екенін дәлелдеді. Ал қалған оқушылар да жақсы көрсеткіш көрсетті. Дейтұрғанмен тоқмейілсуге әлі ерте. Дайындықты күшейтіп, жаттығуға көп көңіл бөлу керек, – деді Жандос Жаназаров.
Иә, Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін Қазақстан халқының 30 пайызының бұқаралық спортпен шұғылдануына басымдық беруге пәрмен берген болатын. Бұл бағытта Жаңақорған ауданында жемісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарының 27 пайызы спортпен шұғылданады. Соның бір айғағы, облыс орталығында өткен бокстан ашық біріншілікте жаңақорғандық жас өрендердің жүлделі орыннан көрінуін айтуға болады.

Әбдісамат ӘБДІШ.
03 шілде 2018 ж. 1 122 0