№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Көкпардан ел біріншілігі екінші рет өткізілді

Көкпардан ел біріншілігі екінші рет өткізілді

   Бірден айта кету керек, ұлттық ат спорты түрлерінен Сыр құрамасының негізін жаңақорғандық шабандоздар құрайды. Облыс­тық құрама республикадағы төрт үз­дік команданың бірі. Аударыспақ, теңге ілу, жамбы атудан да біздің жастар жігер танытуда. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық спорттан әзірге облыста атымыз озып тұр.

– Қазақтың қанына сіңген қасиеттің бірі атқа міну, оны баптау. Бізді қуантатыны, қазір ұлттық ат спортына қатты көңіл бөлінуде. Біздің жігіттер де артылған сенімді ақтауға тырысып бағуда. Қатысқан додадан құр қайтқан емесміз. Қазір көкпаршылардың жаңа толқыны қалыптасып келеді. Яғни, жетістік жалғаса беретін болады, – деді білікті бапкер Исламхан Боранбаев.
Алғаш рет ұйымдастырылған сары құры­­лықтық бәсекеде Қазақстан құра­масы­ның жастары алтыннан алқа тақты. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен жаңақорғандық Нұрлыбек Асқаровтың да еншісі бірнеше салыммен майланып, жеңістің жақындатуда үлес қосты.
– Биыл Жаңақорған кентінде көкпардан ел біріншілігі екінші рет өткізілді. Чемпионатта Сары құрылықтықта өнер көрсететін шабандоздар іріктеліп алынды. Қырағы бапкерлер ұлттық құрамаға мені де қосыпты. Қазақстан атынан байрақты бәсекеге қатысып, жүлде алғаныма қуаныштымын, – дейді жас көкпаршы.
17 мамыр 2019 ж. 977 0