№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӨКПАР: ЖАСТАРҒА АЛТЫН БҰЙЫРДЫ

КӨКПАР: ЖАСТАРҒА АЛТЫН БҰЙЫРДЫ

 Тұңғыш рет ұйымдастырылған көкпардан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz сайтының тілшісі. Иә, бір аптаға созылған дүбірлі доданың топтық кезеңінде үздік шыққан Қазақстан мен Моңғолия көкпаршылары финалдық кездесуде нағыз мықтыны анықтады.
  Көпшілік асыға күткен көшпенді ұлт ұрпақтарының арасындағы кездесу тартысқа толы болды. Баян-өлгийлік батырлармен өткен кездесудің алғашқы бөлігі 2:1-мен аяқталды. Алайда, көрермендерге, әсіресе Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ІІ халықаралық форумына келген шетелдік қонақтардың алдында атой салған қазақ жастары есепті 8:4-ке жеткізіп, алғаш ұйымдастырылған Азия чемпионатында алтын тұғырдан көрінді.
   Ал, қола өзбек ағайындарға бұйырды. Үшінші орын үшін өткен бәсекеде Өзбекстан құрамасы Қытайды 3:2 есебімен жеңіп, жарыс жүлдегерлері қатарынан көрінді. 
Айта кетейік, ұлттық құрама команда сапында жерлесіміз, Жаңақорған ауданы, Талап ауылының шабандозы Нұрлыбек Асқаров бақ сынады. Нұрлыбек - көкпардан 3 дүркін Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері жəне қола жүлдегері, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдегері. Бапкері – Исламхан Боранбаев.
   Осылай Елбасының тікелей тапсырмасымен жарияланған Жастар жылы аясында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен жастар арасындағы сары құрлық бәсекесінде Қазақстан құрамасы болды.

Әли-ТЕМІР.
21 сәуір 2019 ж. 1 296 0