Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 535

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Головкиннің IBF белбеуіне Джейкобс пен Деревянченко таласатын болады

Головкиннің IBF белбеуіне Джейкобс пен Деревянченко таласатын болады

Бұл екі боксшыны да бір бапкер жаттықтырады. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы өзінің бос тұрған белбеуіне украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) мен америкалық Дэниэль Джейкобс (34-2, 29 КО) таласатыны туралы шешім қабылдады. Бұл туралы RINGe.com порталы хабарлап отыр. 

Еске салайық, бұған дейін IBF Геннадий Головкиннен (38-0-1, 34 КО) өз белбеуін тартып алған болатын. Оған себеп, қазақстандық боксшының 3 тамыз күні Деревянченкоға қарсы кездесуге қағаз жүзінде келісім бермегені болған. 

Дүйсенбі күні IBF штаб-пәтерінде Деревянченконың со-промоутері Ду Дибелла (DiBella Entertainment) мен Джейкобстың промоутері Эдди Хирн (Matchroom Boxing) тез арада келіссөз бастау үшін хат жолдаған. Егер екі боксшының командасы 11 шілдеге дейін келісе алмаса, жекпе-жек бәссаудаға қойылады. 
12 маусым 2018 ж. 975 0