№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Головкин әлем чемпионы атағынан айырылып қалды

Головкин әлем чемпионы атағынан айырылып қалды


Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) әлем чемпионы атағынан айырды, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

22 мамырда Спрингфилде (АҚШ, Нью-Джерси штаты) Головкин мен IBF қатарындағы оның міндетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО), сонымен қатар олардың командалары қатысқан отырыс өтті. IBF комиссиясы екі тарапты тыңдады да, бүгін Головкинді IBF белбеуінен айыру туралы шешім шығарды. Себебі ол 3 тамызға дейін Деревянченкомен жекпе-жекке шығудан бас тартқан.
Айта кетсек, Головкин мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реваншқа түсуді жоспарлады. Бірақ ауқымды қаржылық түсініспеушіліктерге байланысты келіссөзге қол қойылмады. Сонымен қатар, WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) жекпе-жек өткізу ықтимал болған.
07 маусым 2018 ж. 1 232 0