№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Головкин чемпиондық белбеуінен айырылып қалуы мүмкін

Головкин чемпиондық белбеуінен айырылып қалуы мүмкін


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF чемпиондық белбеуінен айырылып қалуы мүмкін. Головкин мен оның командасы 5 мамыр күні өтетін жекпе-жекке қарсылас іздейміз деп қиын жағдайға түскен. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Украиналық боксшы Сергей Деревянченконың өкілдері IBF-ке өтініш түсіріп, титулды сақтап қалу жекпе-жегін өткізуді сұраған. Өтініш бойынша, Головкин украиналық боксшымен жұдырықтасуы тиіс.
Головкин соңғы рет бұл титулды 2016 жылы Доминик Уэйдпен болған жекпе-жекте қорғап қалған еді.
Дегенмен, Головкиннің қарсыласы америкалық Ванес Мартиросян немесе бразилиялық Ямагучи Фалькао болуы да мүмкін.
IBF Деревянченконың сұранысын қанағаттандырып, Головкин қарсылас ретінде басқа боксшыны таңдаған жағдайда, ұйым оны барлық нұсқалар бойынша чемпион атағынан айыруы мүмкін.
Сондай-ақ, белбеуін жоғалтқысы келмесе, Головкин Деревянченкомен кездесу үшін 5 мамырдағы кездесуін басқа күнге ауыстыруға мәжбүр болуы ғажап емес.
IBF әзірге шешім қабылдаған жоқ.

12 сәуір 2018 ж. 971 1

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 17:27
Achat Viagra Sans Ordonnance Pharmacie En Venissieux Cialis Vente Particulier Interactio Norvasc Amoxicillin lowest price for 20 mg of levitra Propecia Comprar discount programs for accutane Buy Celexa No Prescription