№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Головкиннің жекпе-жегі Лас-Вегаста өтпейтін болды

Головкиннің жекпе-жегі Лас-Вегаста өтпейтін болды


Невада штатындағы Атлетикалық комиссия (NSAC) Лас-Вегастағы MGM Grand аренада 5 мамырға жоспарланған Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Егер боксшы 5 мамыр күні рингке шығатын болса, жекпе-жек Лос-Анджелес қаласының сыртында орналасқан Карсоне қалашығында, StubHub Center шаршы алаңында өтеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін BoxRec.com сайты GGG келесі жекпе-жегі өтетін орын ретінде Карсонды белгілеген еді. Әзірге Головкиннің нақты қарсыласы анықталған жоқ. Болуы мүмкін кандидаттар арасында ирландиялық Гэри О Саливан мен украиналық Сергей Деревянченко бар. АҚШ боксшысы Ванес Мартиросянның кандидатурасы бұл тізімнен алынып тасталды.
11 сәуір 2018 ж. 1 264 0