Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 75

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » САУЛЬ АЛЬВАРЕС БОКСТАН ШЕТТЕТІЛДІ

САУЛЬ АЛЬВАРЕС БОКСТАН ШЕТТЕТІЛДІ


Сауль Альварес арнайы комиссиясының шешімімен спорттан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен спорттан уақытша шеттетілді. Боксшының бұдан арғы тағдыры қалай болатыны Атлетикалық комиссияның 10 сәуірде өтетін отырысында белгілі болады.
Айта кетейік, осыған дейін Сауль «Канело» Альварестің сынамасынан тыйым салынған препарат табылған болатын. Оның командасы мұны тағамға қосылып кеткен деп ақталып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Головкин-Альварес арасындағы жекпе-жекте жеңімпаз анықталмаған. Төрешілер тең ойын болды деп, екеуінің де қолын көтерген. Енді қос боксшы арасындағы екінші кездесу 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Аталған кездесуде Геннадий Головкин өзінің барлық чемпиондық белбеуін бәске тігеді. Ал Альварес өзіне тиесілі The Ring белбеуін және орта салмақтағы желілік чемпион белбеуін сарапқа салмақ.
Ал бұған дейін әлемге танымал боксшылардың Канелоны спорттан біржолата аластау керек деген пікірлерін жариялаған болатынбыз. Және осыған қатысты Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес «Канелоның» допинг ісінің әділ тергелетініне күмәнмен қарайтынын мәлімдеген еді.
24 наурыз 2018 ж. 986 0