WBC президенті: Головкин мен «Канело» арасындағы екінші кездесу өтпейді
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман 5 мамыр күніне жоспарланған орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесу өтпейтінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Менің ойымша, жекпе-жек өтпейді. Невадада тыңдалым (Альварестің ісіне қатысты) 18 сәуірге ауыстырылды. Енді жекпе-жектің 5 мамырда қалай өтетінін елестете алмаймын», - деді Сулейман.
10 сәуірде мексикалық боксшының ісіне байланысты нүкте қойылуы керек еді, алайда іс 18 сәуірге ауыстырылды. Головкиннің промоутері қазақстандық боксшының Альварестің ісі аяқталысына қарамастан, 5 мамыр күні шаршы алаңға шығуға дайындалып жатқанын хабарлады. Олардың екінші кездесуі де Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.
Пікір 3