№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оның шәкірттері Токиоға барады

Оның шәкірттері Токиоға барады

Еркін күрес десе, екі бүйрегіміз бұрып тұратыны рас. Содан болар, Алматыда өткен Азия чемпионатын онлайн форматта қалдырмай көруге тырыстық. Жасыратыны жоқ, бұл жолы ауыр салмақтылар арасындағы белдесуге болыстық. Өйткені өзіміздің Ақүйіктен шығып, белді балуандар дайындап жүрген Пернебек Беласардың шәкірттері бақ сынады.

Пернебек ағамызды былайғы жора-жолдасы Петка, Петя деп айтатынына сырттай қанықпыз. Бүгінде Пернебек Тәуірбайұлы Алматыдағы Қаркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мек­теп-интернат-колледжінде бапкерлік қызмет атқаруда.
Кешегі Олимпиадаға жолдама беретін чемпионатта Пернебек ағамыздың екі бірдей шәкірті биік тұғырдан көрінді. Әлішер Ерғали 97 келі салмақта күміс жүлде, Олег Болтин 125 келі салмақта Азия чемпионы атанып, Олимпиадаға жолдама алды. Бұл қос балуанда бұған дейін, Әлем, Азия чемпионатына қатысып, жүлдегер атанған еді.
Хош, Пернебек ағамызға оралсақ. Бірлікте туылып, Түркістанда түлеп, Алматыда бапкерлікпен айналысып жүрген балуан ағамыз туралы бүгінгі жастар біле бермейтіні рас. Ол Бірліктегі білікті бапкер марқұм Серік Абдрахмановтың төл шәкірті. Сол Серік ағамыз өзі жетектеп жас балуанның болашағынан үміт күтіп, Алматыдағы дарынды балаларға арналған спорт интернатқа тапсырған. Онда Мұсабек, Мәлік сынды елге танымал бапкерден күрестің қыр-сырына қанығады. Интер­натта жүріп, ел біріншілігін жеңіп, Түркия төрінде өткен халықаралық турнирге қатысқан.
2001 жылдан бастап, рухани астана Түркістан шаһарына келіп, Халықаралық қазақ-түрік университетінде жаттық­тырушы мамандығын оқып, мұнда Бақытжан, Бекахмет ағайларынан тәлім алады. Университет қабырғасында жүріп, Якутия, Иран, Алматыда өткен Азия кубогіне қатысып, жүлдегер атанады. Осы Түркістанда еңбек жолын бастап, шаңырақ көтереді.
– Еркін күрес спорты біздің ауылдың брендіне айналды десек болады. Бұл спортпен айналысқан бүгінгі аға буынның қатары көп еді. Солардың бірі мен едім, жас кезде бозкілемде белдестік, қазір бапкер қызметіндемін. Шүкір, шәкірттер байрақты бәсекеде барын салып, елдің еңсесін көтеріп, көк туын көкте желбіретіп жүр. Құдай қаласа, олимп шыңын бағындыру белесі тұр, – дейді білікті бапкер.
Иә, Бірлік ауылының топырағы талай балуандарды түлетті. Олардың көбі жаттықтырушы, бір Жасұлан Мұхтарбекұлының өзі көп мысал. Жаңақорғаннан Олимпиадаға шыққан тұңғыш балуан. Міне, Пернебектің ізбасарларының биігі. Бапкердің жүріп өткен жолы, бозбала шағы туралы Бақтияр Оспанов ағамыз толымды ойымен бөлісті.
– Өмірдегі қым-қиғаш жолдарымыз талай қиысты. Сырдың абыройы үшін талай шұбалаң жерде тер төктік. Намысты қолдан бермедік. Ол кезде 63-ке дейінгі салмақ деген болды. 1995-2009 жылдар арасында Қазақстан Республикасында күрескен жігіттер бәрі біледі. Пернебектің аты шыққанда талайдың салы суға кететін. Өйткені ол оңай шағылатын жаңғақ емес еді. Кілем сыртындағы жұрт оның коронка әдістерін айтып тамсанып тұратын. Грамота, болмаса құмыра-шәйнекке жан беріп күресетін уақыттар еді. Ол кезде палуандардың қазіргідей жағдайы жасалып тұрған жоқ еді. Талай жігіттер табыс қуып саудаға кетті.
Ол осындай қиын уақыттарда боз кілемді тастамаған адал балуан болды. Бапкерліктен де өзін озат көрсетті. Тәжірибелі өте адал жігіт. Алматыда жүрген талай Сырдың жастарына бас-көз болды. Ағалық сын көзімен бағып жүрді. Ақылдасып аға іздегендерге «Петкаға бар» деп қана уайымсыз отыратынбыз. Ол да болса туған жердің топырағына төккен адалдығы. Осы уақытқа дейін еш кісілігін көрмедім. Алматы «Шаңырағының» шаңырағын биікке көтерді. «Намыс дода» ойындарында өнер көрсетті, чемпион болды. Талай бұқаның басына шар жарған шаулиің осы. Өте қазақымай, шыншыл азамат. Сол үшін оны бәріміз жақсы көреміз, – деді ағынан жарыла.
Сәтін салса, Пернебек бапкердің шәкірті Токио Олимпиадасына жолдаманы ұтты. Айта кететіні, күншығыс еліндегі аламанға Дәулет Ниязбеков те барады, бұл жолы жүлдемен оралады деген сенім бар. Бұлда болса, еткен еңбектің, төккен тердің жемісі. Сондықтан біз білетін Пернебек Тәуірбайұлының шәкірттері талай әлемдік додаларда топ жарады деп сенеміз.


19 мамыр 2021 ж. 484 0