МАМЕДТІҢ МЫСЫН БАСАТЫН ҚАЗАҚ БАЛУАНЫ ЖАРАДЫ
97 келіде ел чемпионатында өнер көрсеткен Әлішер Ерғалидің жеңімпаз атануы кездейсоқтық емес. Өзінің мықты, болашағынан үміт күттіретін, намысты балуан екенін 2018 жылы дәлелдеген болатын. Сол жылы жастар арасындағы Азия чемпионаты мен әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Ал биыл ересектер арасындағы бірінші Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды. Жамбыл өңірінің тумасы, Алматы қаласының намысын қорғайды. Оның бапкері Пернебек Беласар.
97 келі:
1. Ерғали Әлішер (Алматы қаласы)
2. Бақдәулет Әлментай (Шымкент қаласы)
3. Мамед Ибрагимов (Павлодар)
3. Серік Бақытханов (Қарағанды обл)
Сөздің ашығы Мамед Ибрагимовтың мысын басатын қазақ балуандары шықпай жүрді. Енді міне, өзіміздің қазақ баласы Астанада өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Сәттілік!