№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аққорғандық балуандар әлемді бағындырды

Аққорғандық балуандар әлемді бағындырды


Татарстанның Казан қаласында өткен белбеу күресінен ХVII Әлем чемпионатында Сыр өңірінің бұрымды балуандары ел қоржынына бір күміс, қос қоланы салды. Атап айтқанда, Диана Ғайбулла күміспен сүйіншілесе, Меруерт Әбубәкір мен Арайлым Қанзада қоланы қанағат тұтты. Ел абыройын асырған балуандарды жерлестері күтіп алып, мерейін тасырды. Аудан әкімі Сұлтан Мақашов чемпион рухты қыздарды қабылдап, сый-сияпат жасады.


– Соңғы жылдары Жаңақорғанда белбеу күресі қарқынды дамуда. Жыл сайын әлемдік додаларда жеңіспен оралатын нәзік жанды балуандар соның дәлел. Биыл да үш жүлде сыйлады. Бұл тек ауданның емес, Сыр елінің еңсесін көтерді, қазақ елінің абыройын асырды. Әлі алар асуларыңыз алда. Біз сіздердің жеңістеріңізге қуанып, марқайып жүреміз, – деген аудан басшысы балуандарға «Алғыс хатын» табыстады.
№8 Түгіскен спорт мектебінде жаттығатын қыздар Әбдісаттар Садықов пен Аслан Нұрқожаевтан тәлім алады.
– Қыздардың еңбегін елеп-ескеріп жатқан аудан әкіміне алғыс білдіремін. Оларға жерлестерінің қолдауы күш-жігер береді, рухтандырады. Шәкірттерімнің спорттық әлеуеті жоғары. Олар әлі жас, келер жылы алтынмен қуантады деген сенімдемін, – деді Әбдісаттар ағай.
Енді Казан қаласында өткен әлем чемпионатына оралайық. Алдымен татами төріне 52 келідегі Диана Нұрханқызы көтерілді. Жастар арасында талай додада оза шапқан ол ересектер арасында биыл алғаш рет әлемдік аренада бақ сынады. Алғашқы белдесуінде жарыс қожайынан басым түскен ол бірден ақтық сынға жолдама алды. Алтынға бір табан жақын тұрған Диананың жолын орыс қызы кесті.
Одан кейін Арайлым Қанзада жарыс жолына шықты. Былтыр Казан қаласында өткен әлем чемпионатында 66 келіде өнер көрсетіп, қоланы жеңіп алған еді. Биыл да сол тұғырдан көрінді. Салмағын 58 келіге ауыстыран Арайлым алдымен орыс балуанын жеңді, одан кейін өзбек қызына есе жіберді. Ал үшінші орын үшін белдесуде аяғын шығарып алса да жігер, қайрат көрсетіп, қарсыласының осал тұсын тапты.
Былтыр қазақ елін қоламен қуантқан Меруерттен көпшілік алтын күтті. Бірінші айналымда өзбекстандық қарсыласын 3:1 есебімен, екінші айналымда қырғызстандық күресшіні 7:1 есебімен айласын асырып, жарыс жолынан шығарды. Ал ақтық сынға жолдама алар кездесуінде кілем қожайынын жеңіліп, екінші жыл қатарынан әлем чемпионатының қоласын мойынға тақты.
– Биыл үлкен дайындықпен бардым. 76 келіден жоғары салмақта қарсыластарым өте мықты екенін білемін. Барымды салдым, тек жартылай сында орыс қызына 1:0 ұпаймен есеп жібердім. Былтыр да сәл сәттілік жетіспеген еді. Келер жылы осы кеткен есені қайтаратын боламын. Бізге сенім артып, жанкүйерлік танытқан жанкүйерлерге, бапкерлерге алғыс білдіремін, – деді Меруерт.
Енді ол Қызылорда қаласында өтетін қазақ күресінен ҚР чемпионатына дайындықты бастайды. Ал, Диана болса Елорда төрінде өтетін белбеу күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын болады. Белбеу күресі мен самбодан екі дүркен ел чемпионы атанған Дианадан осы жолы алтын күтетін боламыз.

Әли ТЕМІРБЕК
09 қараша 2019 ж. 856 0