№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР ЖАСТАРДЫ ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР ЖАСТАРДЫ ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Шыны керек, белбеу күресі Жаңақорғанда қарқынды дамып келеді. Мереке Құдайбергенова бастаған көштің тізгінін Диана секілді талантты жастар жалғап келеді. Бүгін сол Әлем чемпионатының жүлдегерлерін күтіп алуға жаңақорғандық ағайын көптеп жиналды. 
Айта кетейік, 19-21 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен белбеу күресінен 1998-2000 ж.т. жастар арасындағы Әлем чемпионатында жерлестеріміз жүлделі орынды иеленді. Олар:
52 келі Ғайбулла Диана ІІ орын (Аққорған а/о)
66 келі Қанзада Арайлым ІІ орын (Аққорған а/о)
62 келі Сағындық Мұхамедхан ІІІ орын (Қожакент а/о)
76 келі Нұртас Алиса ІІІ орын (Аққорған а/о)

Енді аз-кем балуандарға тоқталып кетейік, Диана – Қазақстанның үш дүркін чемпионы, былтыр өткен белбеу күресінен жастар арасындағы Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері. 
Арайлым – ел чемпионы, былтырғы әлемдік доданың қола жүлдегері.
Мұхамдехан – жастар арасындағы Қазақстанның екі дүркін жеңімпазы.
Алиса – жастар арасындағы ел чемпионы. 


24 желтоқсан 2018 ж. 1 257 0