ТОҚСАН ЖЫЛДЫҚҚА ТАМАША ТАРТУ
Биыл Жаңақорған ауданына 90 жыл. Осынау торқалы тойға қос балуанымыз тамаша тарту жасады. 25-27 қазан аралығында Ресейдің Казан қаласында өткен белбеу күресінен Әлем чемпионатында Меруерт Абубәкір мен Арайлым Қанзада қос қоланы еншілеп, ел мерейін асқақтатты. Ерлер мен әйелдер арасында өткен әлемдік біріншілікте Арайлым 66 келіде өнер көрсетті. Ақтық сынға жолдама алар тұста сүрінге ол ел қоржынына қоланы салды. 76 келіден жоғары салмақта сынға түскен Меруерт те жартылай сында сүрінді.
Әбдісаттар Садықов пен Аслан Нұрқожаев баптайтын қлос бұрымды бұған дейін талай рет тұғырдың биігінен көрінген болатын. Әлем, Азия және Халықаралық турнирлерде жүлдемен оралып жүрген қос бұрымды әсіресе ішкі біріншілікте бірнеше рет чемпион атанған болатын.
Сонымен, аудан биылғы жылғы ірі нәтижелердің біріне қол жеткізді.
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН ҚАЗАҚ ЕЛІ!