№71 (8782) 7

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (8781) 3

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (8780) 30

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН БАБЫМЫЗ ШАУЫП ТҰР

БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН БАБЫМЫЗ ШАУЫП ТҰР

Жақында Қостанай қаласында өткен белбеу күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты жаңақорғандық балуандар үшін табысты аяқталды. Сыр елінің намысын қорғаған төрт балуан қоржынға төрт жүлдені сыйлады. Бір алтын, бір күміс және екі қола еншімізге бұйырыпты. Сонымен...
Қыздар арасынан сынға түскен Алиса Нұртас 76 келіде бағын сынады. Ақтық сынға бір табан жетпей қалған ол қолаға қол созды. Бұрымды балуан былтыр жастар арасындағы ел чемпионатында топ жарып, Елорда төрінде өткен Әлем чемпионатында қоламен қуантқан болатын. Сондай-ақ, биыл дзюдодан ҚР чемионатында да қоланы қанағат тұтқан еді. Міне, жас балуанның бағындырған белесі осындай. Биылғы жыл Алиса үшін табысты басталды. Әлі де біз одан жарқын жеңістер күтеміз.
Ал, ұлдар жарады. Алдымен, бозкілемге шыққан Рахымжан Мансұр қарсылас шақ келтірмеді. 75 келіде белдескен жерлесіміз ақтық сында да қарсыласынан оңай айласын асырып, алтыннан алқа тағынды.
Сондай-ақ, Алдаберген Нұрберген (100 келі) күмісті місе тұтса, Нұрбек Дариялов (90келі) қоланы қанжығасына салды.
Спортшыларды Әбдісаттар Садықов пен Аслан Нұрхожаев жаттықтырады. 
ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР КӨП БОЛСЫН!
05 мамыр 2019 ж. 1 241 0