№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Палата отырысы өтті

Палата отырысы өтті

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар бірқатар заңды қарап, мақұлдады және депутаттық сауалдарын жариялады.

Отырыс барысында Сенат депутаттары «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарын санитариялық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады. Келісім тараптарға денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздікті қолдауға қатысты халықаралық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін ережелерді бекітуге арналған.

Сондай-ақ Палата отырысында «1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң қаралып, мақұлданды. Хаттамаға сәйкес, мәселенің өзекті болмауына байланысты ТМД елдері КСРО кезіндегі өнертабыстардың құпиялылығын қамтамасыз етуді тоқтатады.

Сонымен қатар депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімді ратификациялау туралы» заңды да мақұлдады. Аталған заңның нормалары жаңартылатын энергия көздері саласындағы ірі жобаларды ілгерілету, әзірлеу және іске асыру, еліміздің аумағында орнықты даму арқылы мемлекеттердің өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған. Бұл тараптардың энергетикалық қауіпсіздік саласындағы мақсаттарына, басымдықтары мен міндеттемелеріне қол жеткізуге, экологиялық таза технологияларға көшуге және шығарындыларды азайтуға ықпал ететін жобаларға қатысты болмақ.
18 қаңтар 2024 ж. 1 439 0