№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » COVID-19-ға қарсы іс-қимыл мәселелері әлемдік деңгейде талқыланды

COVID-19-ға қарсы іс-қимыл мәселелері әлемдік деңгейде талқыланды



Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Аңсағанұлы Қиясов бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы 2021 жылғы 9-10 желтоқсанда Санкт-Петербургте (Ресей Федерациясы) өткен жаңа коронавирустық инфекцияға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. Конференцияның ұйымдастырушылары Адамның әл-ауқаты мен тұтынушылар құқығын қорғау саласын бақылау бойынша федералдық қызмет; Ресей тұтынушылықты қадағалаудың Санкт-Петербургтегі ФБУН Пастер атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу нституты; Ресей тұтынушылықты қадағалаудың ФКУЗ обаға қарсы «Микроб» ресей ғылыми-зерттеуинституты. Конференцияға 300-ден астам делегат қатысты: әлемнің 11 елінен 132 делегат оффлайн форматта және 12 елден 179 қатысушы бейнеконференцбайланыс форматында қатысты. Конференцияға мемлекеттік билік органдарының, ғылыми мекемелер мен халықаралық үкіметаралық ұйымдар – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Еуразиялық экономикалық комиссияның және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының өкілдері қатысуда. Конференцияда жаңа коронавирустың молекулалық эпидемиологиясын, COVID-19 этиотропты терапиясына арналған препараттардың пайда болу перспективаларын және ауру ағымының клиникалық ерекшеліктерін, зертханалық диагностиканы, коронавирус инфекциясының иммунологиясын, вирустың эволюциясы контекстіндегі вакциналардың тиімділігін, пандемия кезіндегі антибиотикке төзімділікті және тағы басқа мәселелерді қоса алғанда, зерттеудің маңызды бағыттарын қозғайтын тақырыптар талқыланды. Сондай-ақ конференция аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге жауапты қызметтер басшыларының 7-ші кеңесі өтті. Кеңесте санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, өңір үшін өзекті инфекциялармен Күрес және Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігінде биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа covid-19 коронавирустық инфекциясымен Күрес және табиғи-ошақтық инфекциялардың алдын алу мәселелері қаралды. Болашақ ынтымақтастықты дамытуда ғылыми зерттеулерге және ғылыми қызмет нәтижелерімен алмасуға ерекше назар аудару ұсынылады. Іс-шара соңында қатысушылар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге жауап беретін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қызметтер басшыларының 7-ші кеңесінің қорытынды құжатын қабылдады. Құжатта бұған дейін өткен кездесуде қабылданған сессияаралық кезеңде қол жеткізілген бірлескен жұмыс нәтижелері, сондай-ақ бірлескен қызметтің алға қойған бағыттары көрсетілген. Кездесуге қатысушылар 2018 жылғы 20 маусымдағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің (Циндао, ҚХР) мәлімдемесінің ережелерін орындау мақсатында қабылданған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өңір кеңістігіндегі эпидемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруды жалғастыруға, обаға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді дайындау жөніндегі жұмысты жандандыруға уағдаласты. Бұдан бөлек, аталған құжатта 2022 жылға арналған жоспарлар көрсетілген, атап айтқанда, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етудің өзекті тақырыптары бойынша тоқсан сайынғы негізде төрт ғылыми симпозиум өткізу жоспарланған. 
10 желтоқсан 2021 ж. 289 0