№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Шетелдік көліктер шет қалмай ма?

Шетелдік көліктер шет қалмай ма?

Сенат спикерінің төрағалығымен өткен Палата отырысында кейбір заңдылықтар қайта қаралды. Мәулен Әшімбаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Президент белгілеп берген міндеттердің маңызына назар аударды. Оның ішінде, депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап, қабылдады. Шет елдік көліктердің біздің елде жүру құқы шеттеле ме, әлде белгілі заңдылықтар бойынша жүре алады ма? Қабылдаған заңдылықтан осы сауалға жауап іздеп көрдік.
Шыны керек, қазір Ресей, Армения және Қырғызстаннан келген көліктердің саны күн санап артып келеді. Тіркелгені бар, тіркелмегені қаншама. Мұндай көліктердің көптеп келуінің басты себебі – бағасының арзандығында. Ал қазақстандық нөмірлі көліктердің құны қазір аспандап тұр. Сондықтан қалтасы көтермегендер көбіне шет елдік нөмірлі көліктерге басымдық беріп, сатып алуға тырысады. Бұл біздің ауданға да қатысты мәселе. Енді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңға қандай өзгеріс енгізілді. Соны саралайық.
Мемлекет басшысының реформа­ларын сапалы заңдармен қамта­масыз ету – Парламенттің басты міндеті. Парламент өзекті мəселелердің шешімін табатын орталыққа айналуға тиіс. Сондықтан əр заң жобасын талқылаған кезде қоғамның пікірін ескеруіміз керектігін Мəулен Əшімбаев түсіндірді. Сондай-ақ Сенат Төрағасы Палата жұмысына қоғамдық ұйымдар мен əлеуметтік топтардың өкілдерін, тиісті мамандарды кеңірек жұмылдыру қажет екенін, мұндай қадам заң шығару жұмысының жəне қабылданып жатқан заңдардың тиімділігін арттыратынын атап өтті. Бұл құжат Парламент депутаттарының бастамасымен əзір­ленген. Онда жүргізуші куəлігін жəне көліктің тіркеу құ жаттарын өзіңмен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік беретін жаңа нормалар бар. 
– Осы заң жобасы қабыл данғаннан кейін автокөлік иесін полиция қызметкері тоқтатқан кезде, ол жеке куəлігін ұсынуға тиісті. Сол құжат бойынша полиция қызметкері планшет арқылы электронды базада қажетті тексерісті жүргізе алады, – деді заң жобасы туралы баяндама жасаған сенатор Нұрлан Бекназаров.
Заң жобасындағы өзгерістер шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды, яғни олар өзімен бірге барлық қажетті құжаттарды алып жүруге міндетті екені баяндалды. Екі оқылымда болған талқылаудан кейін депутаттар заң қайта жобасын қабылдады. Бұдан кейін Сенат Төрағасы осы құжатқа қатысты пікірін білдірді. Спикердің айтуынша, қабылданған заң жобасы Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында жасаған ұсыныстары аясында əзірленген. «Бұл заң жобасындағы жаңашылдықтар еліміздегі цифрландыру жұмыстарының нақты нəтижесі екені сөзсіз» – деді Мəулен Əшімбаев.
Отырыс барысында «2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды.
Айта кетейік, елге сенімхат арқылы кіргізілген көліктер Қазақстанда бір жыл еркін жүре алады, мерзім аяқталған соң 30 күн ішінде шетелдік көлікті елден шығару не Қазақстанда тіркеу керек. Демек, өзге елдің нөмірімен жүрген көліктер Қазақстанда жүруіне рұқсат, тек құжаты дұрыс болса болғаны. Кейінгі кезде қоғам болып талқыға түскен мәселеге депутаттар осылай нүкте қойды.

Әли ТЕМІРБЕК
07 ақпан 2021 ж. 2 810 0