№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Түзетулерді қарапайым тілмен жеткізу қажет

Түзетулерді қарапайым тілмен жеткізу қажет

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысында Конституциялық реформаны және Конституцияға енгізілетін түзетулер жөніндегі алдағы референдумды өңірлерде ілгерілету жөніндегі ақпараттық жұмыс пен талқылауды жалғастыру қажеттігіне депутаттардың назарын аударды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.


«Сенаторлар Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін түсіндіру үшін азаматтармен кездесуде құралдар мен алаңдардың бәрін пайдалануы тиіс. Депутаттар өткен аптада өңірлерге шығып, бірқатар кездесулер өткізді. Бұл жұмысты жал­ғастыру керек. Негізгі Заңға енгі­зілген өзгерістер еліміздің әрбір азаматына қатысты. Сон­дық­тан халықпен кездесулерде жүргі­зіліп жатқан реформалар мен Конституцияға ұсынылып отыр­ған өзгерістер туралы қарапайым әрі түсінікті тілде айту, сондай-ақ бей-берекеттік пен бір сарындылыққа салынбай мазмұнды әрі ақпараттық кездесулер өткізу маңызды»,  деді Мәулен Әшімбаев.

Отырысқа қатысушылар Пала­таның 2022 жылғы 19 мамырға жоспарланған отырысының күн тәртібін бекітті.

Депутаттар Палата отырысында «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Үкіметі мен Қытай Ха­лық Республикасының Үкі­меті арасындағы Ядролық материалдарды, радиоактивті ма­териалдарды, радиоактивті қал­дықтарды және радиациялық-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болғызбаудағы өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» және «1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тас­тығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобаларын қарауды жоспарлап отыр.

Бюро мүшелері Мәжіліс мақұлдаған заң жобалары­мен одан әрі жұмысты жалғастыру үшін Сенаттың тұрақты комитеттері арасында бөліп берді.
17 мамыр 2022 ж. 365 0