Әкімнің сараптамасы – әлеуметке серпін
Абай: «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» демей ме? Расында жүйелі сөз белгілі бір мазмұнға, өзара тығыз байланысты желіге құрылады. Бір ойды айтып, екінші ойға көшерде берік байланыс сақтағанда ғана мазмұнды дүние шығады. Осындай мақаланы төл газеттен оқыдым. Мұндағы сөздің қуатын, ойдың мәнін арттырып тұрған аудан әкімі аппаратының мәжілісінде көтерілген түйдек-түйдек мәселелер. Иә, аудан әкімі Руслан Рүстемовтің төрағалығымен өткен жиында кәсіпкерлікті дамыту, салық базасын кеңейту, жұмыссыздықты азайту бағатындағы кемшіліктер көрсетіліп, бағдар беріліпті. Бізді осындай талап үдесі қуантты.
Меніңше, жоғарыдағы салалардың дамуына қатысты салалық орынбасарлар мен дербес бөлім басшыларының жұмысына дұрыс баға беріліп, сарапталған сынайлы. Әсіресе, салық базасын кеңейту мәселесі өзекті. Қазір ауылдық округтер 4 деңгейлі бюджетке көшті. Енді ауылдық округ әкімдері қоғамдастықпен келісе отыра ең қажетті әлеуметтік бағытқа қаржы шығындап, ауылдың әлеуетін көтеруге мүмкіндік арта түсті. Ол үшін салықты уақытылы жинап, кіріс көзін арттыруда жұмыс істеуі тиіс. Яғни салықтан түсім артқан сайын, ауылдық округ әкімдігінің бюджеті артып, еңсесі көтеріле түседі.
Осы орайда Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Нұрлан Нұрсейітов жақсы талдап, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің жауапты мамандарының бюджетті жоспарлаудағы қателіктерін атапты. Бұл – дұрыс. Орынды сынды қабылдап, содан қорытынды шығарған абзал. Мәселен, Өзгент ауылдық округінің әкімі мүлік салығынан 4 айға экономикалық болжамды 5 мың теңге деп қойған, сөйтіп оны 438 пайыз орындапты. Егер Өзгент ауылдық округінің әкімдігі бюджетті 400 пайыздың үстінде жинаса, өз қотырын өзі қасып, өз мәселесін өзі шешетін деңгейге жетеді ғой! Айналып келгенде, бұл – жоспардың орынсыз жасалғанынан деп білемін. Осындай көзбояушылықтың арқасында Қыркеңсе ауылдық округі көлік салығын 406 пайыз, Сүттіқұдық ауылдық округі мүлік салығын 463 пайыз артық жинады. Цифр деген пәлекеттің парқы енді түсінікті болған шығар.
– Салық түсімін арттыруда тағы бір теріс әсер ететін жайт – салық есебін нөлдік көрсеткішпен тапсыру немесе табысын жасыру етек алды. Бұл көрсеткіш ауданда тіпті шарықтап тұр. Мәселен, аудан бойынша 3877 кәсіпкердің 2088-і нөлдік көрсеткішті көрсетіп, табысын жасырып отыр. Мұны тарқатып айтсақ, Жаңақорған кентіндегі 2211 кәсіпкердің 1258-і табысын өз деңгейінде көрсетпесе, Қандөздегі 42 кәсіпкердің 40-ы, Қыраштағы 28 кәсіпкердің 20-ы, Қосүйеңкідегі 19 кәсіпкердің 13-і, Шалқиядағы 77 кәсіпкердің 53-і, Талаптағы 10 кәсіпкердің 6-ы осындай «қулыққа» көшкен. «Өзіме тиімді, басқаны қайтейін» деген пасық пиғыл барлық ауылдық округке қатысты болып тұр.
«Ернұр-Жетістік» ЖШС, «Жаңақорған Жібек жолы» ЖШС, «АҚ-ЮГ Құрылыс» ЖШС салық төлеуде қателіктерге жол берген. Ол – ол ма, Жаңақорған кентінде орналасқан 30 кәсіпкерлік субъектісінің 13 сауда орны мүлік және жер салығын төлемегені анықталды. Біздегі ірі-ірі сауда орталығы ғимаратын бағалау құны обьективті қойылмаған, ол да салық төлеуге келгенде мейлінше төмен болуына тиімді. Мәселен, «Береке» сауда үйінің бағалау құны – 2,5 миллион теңге, «Атамекен» – 5 миллион теңге, «Ғани» – 5,4 миллион теңге, «Заңғар» – 20 миллион теңге, «Қара-Бура» – 22,8 миллион теңге, «Нұрасыл» – 36 миллион теңге екен. Яғни нарықтағы құн салығынан төмен көрсету салықтан жалтарудың жақсы мүмкіндігі. Жарайды, солай-ақ болсын, бірақ ғимарат иесі осы бағаға сатар ма еді? Әрине, жоқ! – депті басқарма басшысы.
Бұған алып-қосар сөзім жоқ. Бәрін анық, ашық жеткізіп отыр. Енді бөлім басшылары мен ауыл әкімдері кемшілікті жоюда біріге жұмыс істеуі тиіс.
Енді әкімнің талдағанын көріп, тіпті таңғала түстік. Мәселен, Салық есептілігін нөлдік көрсеткішпен 50 пайыздан жоғары тапсырған Жаңақорған және Шалқия кенті, М.Нәлібаев, Аққорған, Өзгент, Қандөз, Жаманбай батыр, Екпінді, Сунақата, Келінтөбе, Қожакент, Қожамберді, Көктөбе, Қосүйеңкі, Қыраш, Талап, Сүттіқұдық, Төменарық ауылдық округінің кәсіпкерлері тапсырып отыр.
Әкім мұның себебін түсіндіру жұмыстары дұрыс жүргізілмеуінен деп нақтылады. Яғни жергілікті мамандар салықшы мамандарды жұмысқа дұрыс үйлестіре алмай отыр.
Руслан Рүстемұлы Қандөздің әкімін мысалға алып, ауылдағы 42 кәсіпкердің 40-і нөлдік есеп тапсырғанын, бұл салыққа айтарлықтай әсер ететінін айтып, тіпті есептеп береді.
– Мысалға айтайын, бір кәсіпкер күніне кемінде 3 мың теңге сауда айналымын жасаса 30 күнде 90 мың теңге табыс табады. Соның 3 пайызы табыс салығына түскен уақытта ол 2700 теңгені құрайды. Енді соны 40 кәсіпкерге көбейтсек, ол 1,3 млн теңге болатынын білесіз бе? Демек, сіз салық саясатына дұрыс мән бермей келесіз! Бұл барлық кент, ауылдық округ әкімдеріне қатысты жағдай. Осыдан-ақ сіздердің жұмыстарыңыздың деңгейін білуге болады, – деді аудан басшысы.
Өз басым, әкімді идеолог ретінде сыйлайтынмын. Енді экномикалық тақырыптарда терең талдай алатын басшы екенін танытып, командасына сапалы жұмыс істеуді үндеп, бағыт-бағдар көрсетті.
Тиісті заң органдарының мамандары әкімнің айтқанын тереңдеу зерделесе үлкен кемшіліктерді белгісін анықтауы мүмкін. Осындай жөн сілтеп, бағдарын айқындайтын жүйелі жұмыстар ауданның дамуына септігін тигізеді деп ойлаймын. Мәжілісте атап көрсетілген кемшіліктерден жауапты мамандар тиісті нәтиже шығаруы тиіс.
Алшынбай ТҰРТАНОВ,
ауданның “Құрметті азаматы”