№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бизнес саласының негізгі мәселелерін білеміз бе?

Бизнес саласының негізгі мәселелерін білеміз бе?

Жаңақорған ауданында салық базасы мен бюджеттің кіріс көздерін кеңейту, шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыссыздар санын азайтуды негіз еткен аудан әкімі аппаратының мәжілісінде түйдек-түйдек мәселенің түйіні тарқатылып, кемшіліктер көрсетілді. Соның бірі – бизнесті дамыту бағытында өрелі ойлар айтылды.

Аудан әкімі аппаратының мәжілісінде Жаңақорған аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев саланың дамуы жөнінде баяндады.
– 2021 жылдың 1 мамырына тіркелген кәсіпкерлік субъектісі – 5459, оның 280-ы заңды тұлға, 2648-і шаруа қожалық, 2531-і жеке кәсіпкер. Ондағы белсенді субъекті саны – 5181. Кәсіпкерлік субъектілерінде 7741 адам жұмыспен қамтылды.
2021 жылдың төрт айында негізгі капиталға салынған инвестиция – 6,4 миллиард теңге. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 177 пайыз өсімді құрайды. Жыл басынан бері ауданға қаржы көздерінен 242 жобаға 590 миллион теңге тартылды... – деді Қаржыбек Тәжібайұлы.
Яғни қалыпты даму деңгейі сақталып отыр. Бірақ аудан басшысы Руслан Рүстемов мәселенің мәніне терең үңіліп:
– Қаржыбек Тәжібайұлы, 4 айдың қоры¬тындысымен бөлшек сауда, өнеркәсіп өнімдерін өндіру мен өңдеу бойынша индикаторлық көрсеткіштің орындалуы төмен. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіш. Өзіңіз білетіндей, 2020 жылдың қорытындысы бойынша да осы 3 көрсеткіш орындалмай қалды. Осы мәселе алдымыздан қайта шықты. Сонда бұған кім жауапты? Себебі не? Жарты жылдың қорытындысымен не болады? Болжам қандай? – деді.
Сұрақты жалғастырған Руслан Рүстемұлы: – Негізгі капиталға салынған ин-вес¬тиция өткен жылмен салыстырғанда 177 пайызға орындалған. Артық орындалуы бюд¬жеттің үлесінен бе, әлде жекенің үлесінің басымдығынан ба? Болмаса өткен жылдың статистикалық есебі осы жылға өткен бе? Қазір ауданға келіп тұрған 6,4 миллирд теңге инвестицияны тарқатып айтыңызшы. Биылғы жылға жоспарланған инвестиция көлемін жыл соңына дейін орындауға мүмкіндігіміз бар ма? Талдап айтыңыз! – деді.
Бөлім басшысы Қаржыбек Бүркітбаев нақты деректі алға тарта алмады.
Әкім: «Жыл басынан барлық қаржы көзінен 237 жобаға 569,1 миллион теңге қаржы тартылды. Аудан бойынша тек «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламаларына сәйкес «Аграрлық несие корпорациясы» мен «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы жалпы құны 928 миллион теңгенің 287 жобасы ұсынылған екен. Сол жобалардан бүгінгі күнге дейін 6-ы несие, 173-і грант жеңіп алған. Қалған жоспарланған жобалардың барлығына жыл соңына дейін қол жеткізуге мүмкіндік қарастырылған ба? Оларға жоспарланған қаражат жеткілікті ме? Әлде кәсіпкер мен тұрғындар қолына ұстаған құжаттарымен бекерге әуреленіп жүріп, қаржыға қол жеткізе алмай қалып кетпей ме?» деп бөлім басшысының функционалдық міндетіне сәйкес жауабын күтті.
Расында кәсіпкерлік бағытында шешуі тиіс мәселелер көп. Мәселен, жылдың бірінші тоқсанында ауданда қанша кәсіпкерлік нысан жұмысын тоқтатты? Оның басты себебі неде? Жабылған кәсіпкерлік нысандардың кент, ауылдық округтер бойынша талдамасы бар ма? Жыл басынан бері ауданда қанша кәсіпкер тіркелді?
Міне, ауданда кәсіпкерлікті дамытуға жауапты бөлім осы мәселелердің түйінін тарқатып, саланың дамуына қан жүгіртуі керек.

06 маусым 2021 ж. 1 054 0