№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ТАЛҚЫҒА ТҮСКЕН ТАПСЫРМА

ТАЛҚЫҒА ТҮСКЕН ТАПСЫРМА

Бүгін, түс қайта Жаңақорған ауданының әкімдігі  аппараттық мәжілісін өткізді. Мәжіліс төрағасы аудан әкімі Руслан Рүстемов күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша жиынды бастап берді. Бұл жолы аудандық мәслихат хатшысы, әкімнің орынбасары, дербес бөлім басшылары тікелей, ал ауылдық округ әкімдері ZOOM арқылы қатысты.

Алдымен кадрлық тағайындаудан бастап, Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Нұрлан Сайлауұлы Нұрсеитовті көпшілікке таныстырды, қызметіне сәттілік тіледі.
Жасыратыны жоқ, бұған дейінгі саяси, науқандық жұмыстарға байланысты біршама жұмыстар кейінге шегерілген болатын. Соның сәті бүгін түсті, онда аудан әкімінің  2021 жылғы 23 ақпандағы  «2021 жылдың ақпан айына Жаңақорған ауданының әкімдігі мәжілісіне ұсынылған мәселелер тізбесі туралы» №64-Ө өкімімен бекітілген мәселелердің орындалуы назарға алынып отыр.  
–Алда көктемгі егіс науқаны күтіп тұр. Есепті кездесулердегі көтерілген ұсыныстардың орындалуы үшін бюджетті нақтылауымыз да керек. Біздің бітіргеннен бітірмеген шаруамыз шашетектен. Сондықтан жауапкершілікті күшейтіп ғана қоймай, мемлекет қойған міндеттердің орындалуын талқыға салу қажет, – деді аудан басшысы.
Мәжілістің бірінші мәселесі – Жаңақорған ауданының 2020 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2021 жылдың міндеттері туралы аудандық  экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметқали Қасқабаев баяндама жасады.
Баяндамашыға бірнеше сын-ескертпе жасалды. Әсіресе, Статистика басқармасының ұсынған мәліметіне сәйкес, өткен жылдың қорытындысымен бөлшек сауда көлемінен, өнеркәсіп өнімінен, өңдеу өнеркәсібінен жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізе алмаудың себебі сұралды.
–Бұл жерде статистика басқармасымен жұмыс жасалмайды. Есеп дұрыс тапсырылмайды. Жаңақорғанда кәсіпкерлік дамыған, Түркістан облысымен шектеседі, жері де, тіршілігі де, ауа-райы да барлық мақсатқа қолайлы. Бірақ мақсаттың нәтижесі мардымсыз, – деп атап өтті аудан басшысы.  
Мәжілістің келесі мәселесі – Жаңақорған ауданы бюджетінің 2020 жылғы атқарылуы туралы аудандық  қаржы бөлімінің басшысы Алмас Оразбеков  мінбеге көтерілді. Ол мерзімді уақыт аралығында атқарылған жұмыстарды шолып өтті. Әрине, қаржыға қатысты да келеңсіздік кездескенін жасырмады. Оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың салық төлемдеріне, зейнетақы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының аударымдарына берешек сөз болды. Бұл тұрғыда аудан әкімі баса айтты.

–Бізде көлеңкелі экономика қалыптасқан. Табысын азайтып көрсету немесе мүлдем көрсетпеуді дағдыға айналдырған. Біз наурыз айындағы әкімдік мәжілісіне ауданның кәсіпкерлік саласы жайлы мәселе қоюға мәжбүрміз.  Мәселе егжей-тегжейлі қаралады, – деді Руслан Рүстемұлы.
Мәжілісте өрескел қателік жіберген жауапты  тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жиын соңында ауылдық округтерге көшелерді жөндеуге, тренажерлық алаңқайлар орнату және басқа да абаттандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен берілген қаржыларға мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланбағаны қатаң сынға ұшырады. Осы кемшілікті қысқа уақытта сапалы орындау жөнінде тиісті тұлғаларға тапсырма берілді.
28 ақпан 2021 ж. 553 0