№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Әкім ел арасында

Әкім ел арасында

Бүгін Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов алғашқы жұмыс сапарын Сыр беткейдегі елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысумен бастады. Делегация құрамында аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Ілиясов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов бар.
Алдымен Көктебе елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Еркін форматта өрбіген басқосуда елді мекеннің өзекті мәселелері талқыланды.
– Жаңақорған ауданында бұған дейін қызмет істегендіктен жақсы таныспын. Дегенмен уақыттың өз шақыруы, өз талап-міндеттері болады. Осындай қажеттіліктерді анықтап, оларды кезең-кезеңімен жүзеге асырудың жолдарын анықтау керек. Сондай-ақ елді мекендердің әлеуеті мен мүмкіндіктерін саралап, дұрыс бағытты бағдарлау маңызды. Бүгінгі сапардың мақсаты осы. Биыл Көктөбедегі мектеп "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуде. Оған 54 млн. теңге қаралды. Енді бюджеттің қаржысын тиімді пайдаланып, құрылыстың сапалы орындау үшін қоғамдық бақылауды күшейту қажет, – деді Руслан Рүстемұлы.
Көктебеліктердің атынан сөз алған Сапархан Тұтқабаев пен Арыстан Бектасов ауыз су мәселесінің өзекті екенін, Түркістан облысының шаруа қожалықтары елді мекеннің жерінде мал ұстауының салдарынан жайылымдық жерлер тарыла бастағанын, ең бастысы, интернет мүлде ұстамайтынын алға тартты.
Аудан басшысы Р.Рустемов мәселелер басымдығына қарай кезең-кезеңімен шешілетінін сөз етті.
Одан кейін Қандөз ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Ел ағасы Өмірбек Жайықбаев бірқатар мәселені шешіп беруді ұсынды.


– Орталық көше – Нәзір Төреқұлов көшесін асфальттау;
– Электр жарығын реттеу;
– Ауыз су мәселесін шешу;
– Қалғансыр мен Қандөздің арасындағы 10 шақырымдық жолға қиыршық тас төсеуді алға тартты.
Ал Қаратөбе, Келінтөбе ауылдық округінде сапалы өмір сүруге қажетті мәселелері ортақ. Яғни интернет, көпір, жол, спорт кешенін салу, аяқ және ауыз суды біржақты шешу керек. Мұны ел ағасы Зұлпыхар Өтебеков пен Керімхан Егізбаев жеткізді.
– Аудандық бюджеттің мүмкіндіктерімен барлық мәселені шешу қиын. Дегенмен жүйелі жоспарлап, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану арқылы шешуге болады. Дұрыс ұйымдастыру, тетігін табу арқылы аудан тұрғындарының жайлы өмір салтын қалыптастыруға жұмыс істейміз... – деді аудан әкімі Руслан Рүстемов.
Аудан басшысы бастаған делегация түстен кейін Аққорған, Қожакент, Өзгент ауылдық округіне барады.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
---
08 қыркүйек 2020 ж. 696 0