№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғанның ауыз суға жаритын кезі жақын...

Жаңақорғанның ауыз суға жаритын кезі жақын...

Жаңақорған ауданындағы ең күрделі мәселенің бірі – ауыз су. Бұл бағытта қандай шаралар атқарылуда. Журналистерге берген брифингте Руслан Рүстемов осы бағыттағы істерге тоқталды.

– Аудандағы бір күрделі мәселе – халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болып келген болса, мұның да орайы келді. Жобалық құны11 млрд 465 млн 202 мың теңге болатын Талап және Сырдария топтық су құбырының құрылысы іске асырылуда. Бұл жобаларды толық іске асырудың нәтижесінде 28 елді мекенде тұратын 38 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Қазіргі таңда Сырдария топтық су құбырыныңқұрылыс жұмыстары Көктөбе, Қандөз, Қашқанкөл, Қаратөбе, Келінтөбе, Аққорған, Қожакент, Өзгент, Ақсуат, М.Нәлібаев, Жаңарық, Қыркеңсе елді мекендерінде аяқталып пайдалануға берілді. Қараша айында Байкенже, Билібай елді мекендері ауыз су жүйесіне қосылатын болады. Ал Талап топтық су құбырының темір жол бойында орналасқан Бесарық, Талап, Аққұм бекеті және Кейден елді мекені топтық су құбырына жыл соңына дейін қосылатын болады. Қалған тау беткейіндегі елді мекендер 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында қосылатын болады, – деді Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемұлы.
«Ауыл ел – бесігі» бағдарламасымен Жаңақорған кентінің тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу сервистік желісін салу жұмыстарына ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 494,3 млн. теңге қаралып, тиісті жұмыстар жасалып жатыр. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.
Жаңақорған кентіндегі ауыз су неге әлі іске қосылмағанын әкім былай түсіндірді: «Сервистік желіні жүргізетін мердігер «Казқұрылыс Сервис» ЖШС-мен 24 сәуір 2020 жылы №24 келісім шарт жасалған болатын. Алайда, қорытынды нәтижесінен кейін осы конкурсқа қатысқан «Көлсай Строй» ЖШС-нен арыз-шағым түсуіне байланысты, Қызылорда облыстық мамандандырылған ауданарлық экономикалық сотының» 03.06.2020 жылы №4360-20-5-29/5015 санды анықтауымен Жаңақорған кентінің тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу сервистік желісінің құрылыс жұмыстары 2020 жыл 9 маусымынан бастап тоқтатылып, сот процесі жүріп келген болатын. Қызылорда облыстық мамандандырылған ауданарлық экономикалық сотының 10.09.2020 жылғы №4360-20-5-29180 санды шешімімен құрылыс жұмыстары 2020 жылдың 24 қыргүйегінен басталып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде».
27 қазан 2020 ж. 946 0