№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Коронавирустың тағы бір бастапқы симптомы белгілі болды

Коронавирустың тағы бір бастапқы симптомы белгілі болды

Канадалық ғалымдар көздің шырышты қабатының қабынуы коронавирустық инфекцияның алғашқы белгілерінің бірі болуы мүмкін екенін айтты.


Конъюнктивит – көз бен қабақтың артқы жағын жабатын жұқа, мөлдір тіндердің қабынуы. Ол көзге бактериялар немесе вирустардың түсуінен пайда болады.

Канадалық офтальмология қоғамының журналында жарияланған зерттеуде ғалымдар 29 жастағы науқастың жағдайын сипаттады. Науқас наурыз айында көзінің қызаруына байланысты ауруханаға түскен. Дәрігерлер оған конъюнктивит диагнозын қойды, бірақ емдеу шаралары сәтсіз аяқталды. Кейін оның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен.
«Науқаста жөтел немесе дене қызуы болмады, сондықтан коронавирус деп ойламаған едік. Инфекцияның алғашқы белгілері өкпеден емес, көзден де пайда болатынын білмедік», – деді АльбертКарлос университетінің офтальмология кафедрасының доценті.
«Хабар 24»
21 маусым 2020 ж. 1 684 0