№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Маман пікірі: коронавирус әлсіреуде

Маман пікірі: коронавирус әлсіреуде

Күзде коронавирустың екінші толқыны болмауы да мүмкін. Себебі соңғы зерттеулер коронавирустың әлсіреп жатқанын көрсеткен. Бұл туралы италиялық вирусолог Массимо Клементидің мәлімдемесінде айтылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Италиядағы Vita-Salute San Raffaele университетінің проректоры жергілікті дәрігерлердің мамырда ауруханаға түскен науқастарда коронавирустың асқынуын аса байқамағанын айтады.
Клементидің айтуынша, коронавирус осылай әлсіреп жатыр. Сондай-ақ, дәрігер таяуда Лондондағы ғалымдар тобы жүргізген зерттеу туралы айтты. Ғалымдар осыған дейін Қытайда, Еуропада, АҚШ-та тараған вирустарды зерттеп, сараптама жүргізген.
Осылайша, Италиядағы және Лондондағы ғалымдардың сөзіне қарағанда, вирустың бұл түрі таяуда әлсірейді. Яғни адамдарда респираторлық аурулардың белгілері ғана болуы мүмкін.
Сондай-ақ, дәрігерлер күзде пандемияның екінші толқыны болмайды деп сенім білдіріп отыр. 
11 маусым 2020 ж. 1 109 0