БОЛҒАН ОҚИҒА: КӨКЖАЛМЕН КЕЗДЕСУ
Талап совхозының аға шопаны Əбдімəлік Өміров таңертең отарды өргізіп, малды қарай тұр деп немере інісі Қошқарға тапсырды. Өзі таңғы шайды ішіп, атқа қонып, баланың соңынан шықты. Күн жерден арқан бойы көтеріліп жер бетіне ерекше жылу беріп тұрса да күздің салқын желі қойын қонышыңды кеулеп денеңді еріксіз...