№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЕНІМ СЫЙЛАҒАН СӨЗ. АНА ҚҰДЫРЕТІ

СЕНІМ СЫЙЛАҒАН СӨЗ. АНА ҚҰДЫРЕТІ

Бірде жасөспірім Томас Эдисон мектептен келе сала анасының қолына мұғалімі беріп жіберген қағазды ұстатты. Анасы хатты:"Сіздің балаңыз данышпан. Бұл мектеп оны оқыту үшін тым кішкентай және мұнда оған білім бере алатындай мұғалім жоқ. Өтініш, оны өздеріңіз үйде оқытыңыздар"-деп, көзіне жас ала оқып береді. 
Біраз жылдар өткен соң (Эдисон бұл кезде сол ғасырдың үлкен ғалымына айналған едi) ол отбасылық мұрағатты қарап отырып, сол хатты тауып алады. Бiрден ашып оқи бастайды:"Сіздің ұлыңыздың ақыл-есi төмен (умственно отсталый). Бұдан былай оны басқа оқушылармен оқыта алмаймыз. Оны өздеріңіз оқытуға кеңес береміз..." 

Эдисон мұны оқығаннан кейін бірер сағат көз жасына ерік береді де, кейін: "Томас Алва Эдисон ақыл қабілеті төмен (умственно отсталый) бала болған. Уақыт өте анасының ерлігінің арқасында сол ғасырдың ғұламаларының біріне айналды" деп күнделігіне жазып қойды.
02 қараша 2018 ж. 1 214 0