Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Айтылмаған ақиқат

Айтылмаған ақиқат


Бұл әңгіме бұдан жиырма жылдан астам бұрын басталса да аяғына нүкте қойылмай 10-15 жыл жүріп қалды. Бұл сырды сонау жетпісінші жылдары «Түгіскен» кеңшарында оншақты жыл партия ұйымының хатшысы болған, білікті басшы, халықтың сөзін сөйлеп, әкім-қаралардың алдына жасқанбай кіріп әңгімесін жетеріне жеткізе айта алатын Арасат Фейзулдаев айтқан еді.
– Тегінде батырлар бір сөзді, қарапайым әрі орынды-орынсыз мадақты да көп көтере бермейді. Кеңестер Одағының батыры Әнуар аға Әбутәліпов те сондай біртуар азамат қой, – деп сөзін бастаған Арекең батыр аға туралы бізге беймәлім бір уақиғаны әңгімелеген еді. Ол әңгімені айтқан Арекеңнің бақилық болғанына 17 жылдан асса, Әнекеңнің де дүниеден өткеніне де 16 жылдың жүзі болыпты. Уақыт дөңгелегі қалай тез айналады десеңізші. Сонымен.
1976 жылы Түгіскен кеңшарында күріштен өнім алынып, еңбек озаттарын мемлекеттік марапаттарға ұсыну басталады. Әнуар ағамыз Түгіскен массивін игеру басталғалы күріш егіп келе жатқан, тәжірибелі дихан. Көрсеткіші де жақсы, жыл сайын 70 центнердің үстінде өнім алып жүрген. Осы жылдары да бейбіт өмірдің 2-3 орден медальдарын алып қойған. Сол жылы да Әнекең гектарына орта есеппен 75 центнерден өнім алған. Ал ауданда сол жылы Арапбек Әбиев өнім алудан жеңімпаз болып тұрған.
Кеңшар директоры Тұрсынхан Нысанбаев та көпті көрген азамат. Екеуміз оңаша қалып марапатқа лайықты жандарды еңбегі мен көрсеткішіне қарап жазып отырмыз. Барлық көрсеткіш бойынша Әнекеңді «Ленин» орденіне ұсынып жатқанбыз. Мемлекеттік марапатқа да кейде белгілі бір азаматтарды көрсеткішіне қарамастан жазып жіберетін де кезіміз болатын. Сол ойыма түсіп кетіп Тұрсекеңе ұсыныс айттым.
– Тұрсеке, өзіңіз білесіз Әнекең мықты, тәжірибелі де орденді дихан. Оның үстіне батырлығымен Кеңестер Одағының Батыры атанған жан. Биылғы көрсеткіші де жаман емес, гектарына 75 центнерден өнім беріп отыр. Егер осы көрсеткішке марапатқа ілінбеген бір күрішшінің күрішінен әр гектар үшін бес центнерден күріш алып берсек, Социалистік Еңбек Ері атағын алуға мүмкіндік болып тұр. Қалай қарайсыз, мына Шиелідегі Ыбырай атамыз екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған азамат. Ал біздің Әнекең онсыз да Кеңестер Одағының батыры, енді Социалистік Еңбек Ері атағын алар болса Шиелі ауданымен теңесер едік, – дедім.
Тұрсекең біраз ойланып отырып, маған ойлы көзімен барлай қарап алып:
– Бұл идеяңның жүзеге асарына күманым бар. Егер Әнекең көнер болса... Мейлі не де болса сөйлесіп көрейін. Әй қайдам Әнекең таза кісі ғой көнбес, тәуекел, – деп Әнекеңе жолығуға екеуміз егіс басына кеттік.
Әнекең біз келгенде зябь айдатып жатыр екен. Аман-саулықтан соң, танаптың трактор даусы жетпейтін жағына қарай Әнекеңді оңашалап алып шығып шаруамызды айттық. Тұрсекең әңгімені ұзақтан бастап келіп:
– Өмір мен өлім арпалысып, сын таразыға түскендердің арасында 96 қазақ ұлтының азаматы Кеңес Одағының Батыры екендігі біздің мақтанышымыз. Сондай-ақ санаулы Батырлардың бірі, де бірегейі Әнуар аға өзіңіз. Сұрапыл соғыста Батыр атансаңыз енді бейбіт еңбекте де абыройыңызға дақ түсірмей келесіз. Биылғы өнім жетістігіңіз де сәл көтермелесек жұлдызы жанғалы тұр. Енді Социалистік Еңбек Ері атансаңыз төрт құбылаңыз түгел болар еді, – дей келе алдыңғы екеуара келісімімізді жеткізді.
Әнекең әнтек басын жоғары көтеріп, екумізге бажайлай қарап алып: Айналайын інілерім, Сіздердің маған жасамақшы пейілдеріңізді шын түсінемін. Алланың нұры жаусын. Бірақ мен мына атақты ала алмаймын. Оған адамшылық арым жібермейді. Мен соғыста батыр бола қояйын деген жоқпын, оған соғыс заңдылығы алып барды. Ал бейбіт күнде ондай зорлық жоқ. Мен де өз әл-қадірімді білемін. Еңбек жөнінде мың жерден баптағанмен мен Ыбырай Жақаев бола алмаймын. Ол Алланың сүйген құлы, ол атақ сол кісіге ғана жарасады, мені әуре етпеңдер. Біреудің өнімін де маған қосып жазбаңдар.Ниеттеріңе рахмет – деп шығарып салды.
Міне, батырдың мінезі, болмысы осындай еді. Мен Әнекеңнің адалдығына сүйсіне отырып, мұндай жағдайды енді қайталамасқа өзіме уәде еттім, – деген еді.
Міне биылғы жылы 95 жасқа толып отырған батырдың бір қыры осы.
Иә, ары мөлдір бұлақтай таза, байсалды мінезді, орынды-орынсыз мақтануды білмеген, ерлігі кейінгі ұрпаққа өнеге, Батыр деген атына дақ түсірмеген Әнекең бейбіт өмірде де бекзат қалпынан танбай, өз перзенттеріне ғана емес, ауыл аймаққа асқақ үлгі-өнегесімен танылып еңбекте ер атанды. 5 ұл мен 4 қызды өсіріп тәрбиелеп, 45 немере мен 60-тан астам шөберелерінің қызығын көрді.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
16 қазан 2018 ж. 1 579 3

Гость Jeahulalf от 11 ақпан 2019 01:12
Online Pharmency buy cialis online Acquistare Viagra Cialis Propecia Para Ellas

Гость Jeahulalf от 2 наурыз 2019 22:30
Cytotec Erectile Disfunction how to get a free trial of levitra Levitra Purchase Uk Tamagra Cialis Qui Fonctionnent

StevBlubof от 8 мамыр 2019 01:31
Levitra Online Shop buy generic cialis online Amoxil Sur Precio Priligy 30 Mg Ciprofloxacin Buy Online