Фобияңыз қандай?
Қорқыныш –адам атаулының бәрінде болатын шартты рефлекс. Атының өзі қорқынышты болып тұратын бұл жағдай бәрінің де басына аса таныс. Қазіргіше фобия атап жүрген құбылысымыз біреу үшін жеңе алмастай көрінетін темір тор сынды болса, енді бір батыл да батыр жандар үшін өзіңмен, өз қорқынышыңмен бетпе-бет келудің негізгі тетігі.
Хош. Қорқу түсінікті болды, бірақ маған кімнің неден қорқатыны қызық. Біреу үшін жеңіл күлкі шығар, бірақ сонда да айтайын, менің анамның фобиясы – мақта. Ешбір жаны жоқ, қарапайым ғана зат болғанымен, анам үшін үрей туғызарлық жағымсыз зат. Оны көргеннен денесі тітіркеніп, дірілдеп, мазасы қаша береді. Ал, мен үшін жан даусып шығып, қорқып, шыңғырып, тіпті теледидардан көрсем қорқатын сүйкімсіз суық жәндік – жылан. Оның әрбір қимылы, ирелеңі денемді суық сезімге балап, есімнен тантырады. Тіптен, аты шулы жәндіктен қорыққаным сонша, менің қорқынышымды сезгенінен бе, әйтеуір үйге дейін атын атаған сәтімде жетіп келгені бар. Ал, сіздің фобиясыңыз қандай? Неден қатты қорқасыз? Сол қиындықты қалай жеңгенімді, яғни әңгіменің жалғасын оқыңыз келеді ме? Ендеше пікір қалдырыңыз! Біз үшін оқырманның әр пікірі жете маңызды.

Дайындаған Ханзада ДОШАН.