№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Гаражы жоқ көлікті қалай қыстан аман шығаруға болады?

Гаражы жоқ көлікті қалай қыстан аман шығаруға болады?

 Жыл сайын қыс жақындағанда көптеген автокөлік иелері біраз мәселелерге алаңдай бастайды. Әсіресе, өз көліктеріне гараж сала алмаған немесе ала алмаған көлік иелері бұндай жағдаймен жақсы таныс болар. Оларды мұндай жағдайда тек бір сұрақ алаңдатады: қыста автокөлікті гаражсыз қалай сақтау керек? 

   Бұл да өзінше өте өзекті мәселе, өйткені барлық адам бірдей гараж сатып ала алмайды, үлкен қалаларда оны үйдің жанына салып алу өте қиын. Ал, жақын арада басталатын суық көшеде қыстайтын автокөліктер үшін кері әсер етпесе, пайдалы деуге келмейді. Кейбіреулер бұл мәселені тақап келгенде бірден шешуге тырысады, ал біреулері қыста автокөлікті гаражсыз қайда және қалай сақтауға болатынын ойлап бас қатырады. Бақытымызға орай, бұл мәселені шешу бүгінгі күні оңай және нақты амалдары бар. Ол үшін кез келген автокөлікті жақсы сақтауға көмектесетін бірнеше ережелерді сақтау жеткілікті. Бүгін біз сіздерге сол кеңестерді ұсынамыз.

Қыста «темір тұлпарды» қорғаудың негізгі ережелері


  Үлкен қалаларда тұратын халық та, көлік те көп болары сөзсіз. Соған байланысты үй маңынан гараж сатып алу да қиындық тудырады. Сонымен қатар, көлікті үйден алыс гаражда немесе көше жағасында «жалаңаш» қалдыру дұрыс шешім емес. Біріншіден – күн сайын қаланың басқа жағына бару, ақша мен уақытты артық жұмсау тиімсіз. Сол себепті, көпшілігі екінші нұсқаны таңдайды. Ал көшеде қалдырған көліктің ластанбауы және жұмыс жағдайында жақсы сақталуы үшін бәрін жасау керек. Көптеген адамдар көлікті қыста гаражда қалай сақтауға болатынын біледі, бірақ гараж табу мүмкін болмаса ше?

Егер сізде гараж жоқ болса, көліктің жақсы сақталуы үшін мынадай қарапайым ережелерді сақтау жеткілікті:
• Ең алдымен, көлікке қар түспес үшін үй айналасынан алыстау орынды таңдаңыз. Себебі, қатты құлаған қар автокөлікті зақымдауы мүмкін. • Көлікті қоқыс контейнерлерінің жанына қоймаңыз. Біріншіден, жағымсыз жағдай туғызады, яғни көлік салонына қоқыс иісі сіңіп қалуы мүмкін. Екіншіден, қоқыс таситын көлікпен қақтығысып қалуы мүмкін.
Ағаштардан сақтаныңыз. Ағаштардың астына машина қоюға болмайды, себебі ауа-райы күрт өзгеріп кетіп, содан кейін құлаған ағаш көлікті зақымдауы мүмкін.
• Көлікті далада қалдырғанда аккумуляторды өзіңізбен бірге жылы бөлмеге алып кіріңіз. Сол арқылы машина моторын да сақтайсыз.

   Ескере жүріңіз, көлікке қар немесе ағаштардың бұтақтары түспеу үшін резеңке қосылған матадан және пленкадан тұратын қаптағышты сатып алуға болады. Сонда сіздің машинаңыз үшін жаңбыр да, қар да қорқынышты болмайды. Сондай-ақ, көлікті қыста темір гаражда да сақтауға болады. Негізінде, көлікті кірпіш немесе металл гаражда сақтаудың айырмашылығы жоқ. Себебі, екеуінде де машина қолайсыз ауа райынан және басқа да факторлардан қауіпсіз болады.

Қауіпсіздік – бәрінен жоғары


Ауа-райынан қорғану мәселесін қаптама арқылы шешуге болады, бірақ қауіпсіздік туралы ұмытпау керек. Қазір қандай жерде өмір сүрсеңіз де, әрқашан және барлық «райондарда» автоұрылар бар, олар кез келген көлікті тонап кетуі мүмкін. Ал көлігіңізге ұры тимес үшін, қауіп төнген жағдайда хабардар ететін дабыл жүйесін сатып алу жеткілікті. Олар дыбысты және дыбыссыз болып бөлінеді, көптеген қолданушылар пікірі бойынша дыбыссыз сигналдар жақсы екен.

  Міне, осы қарапайым ережелерді және кеңестерді дұрыс пайдалансаңыз, барлығы ойдағыдай болады. Сондай-ақ, гараж жоқ болса, көлігіңізге «киім» алып беріңіз. Өйткені, қаптағышқа кеткен шығыннан жөндеуге кеткен шығын едәуір көп болуы мүмкін. Ұрылар туралы да ұмытпаңыз!

Дайындаған: Б.Мейірханұлы. ERNUR.KZ


21 қараша 2018 ж. 956 0