№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қорқыныш пен махаббат

Қорқыныш пен махаббат


Қазіргі араб өлкелері мен түркі әлемі (Мауеренахр) ұстанатын діндері бір болғанымен дінді түсінулері екі түрлі. Араб өлкелеріндегі мұсылмандардың діни түсініктері Алладан қорқу, ақыреттің азабынан шошынуға, қысқаша айтқанда қорқыныш пен үрейге негізделген. Ал түркілердің діни түсініктері (Яссауи бабаларымыздан Абай аталарымызға дейін) Алланы сүюге яғни, махаббатқа негізделген. "Ғашық есігін Мәулім ашты, маған сыйлы..." (Яссауи), "Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сенде сүй ол Алланы жаннан тәтті..." (Абай).
Дінді Алланың азабымен, қабірдің қараңғылығымен, есеп күнінің ауырлығымен ғана байланыстыра беретіндердің уағыздары көбінесе агрессивті сипатқа ие. Халыққа ұрсады, айыптайды, кінәларын бетіне басып, тозақпен қорқытып, зәресін алады. Осындай түсінікпен яғни қорқынышпен тәрбиеленген мұсылмандар да көбінесе өмірде барлық нәрсеге "күнә емес пе екен?!" деп үреймен қарап жүреді. Санасы түнек болады. "Күнә емес пе екен", "сауап бола ма екен", "ақыретке пайдасы жоқ бос нәрсе ғой" деген слогандар әрине пайдалы болғанымен дозасын арттырып жіберсең адамды дамытпай тастайды. Әрине, қорқыныш керек. Құранда да, хадистерде де күнәһардың тататын азабы мен тартар жазасы жайлы айтылған. Бірақ орнымен, ретімен айтылған. Дінді тек соларға ғана негіздеп қоймаған. Кейде біреу біреуге "Алладан қорық" деп жатады. Дұрыс емес. Себебі Алла қорқынышты емес. Қорқылу керек болса Алланың ашуынан қорқылуы керек. Тақуалықты күлмей, жымимай тек қабақты түйіп жүру деп түсінетін адамды мен діннің негізгі пәлсапасын ұға алмаған деп түсінемін. Қорқыныш пен үрейді ғана дін қылып алған мұсылмандардың әлемді нұрға бөлейді дегеніне сене алмаймын.
Ал, біздің ата-бабаларымыз дінді махаббатпен байланыстырған. Түркі дуниесіндегі діни түсінік Алланы жақсы көруге, сол арқылы оның барлық жаратылысын сүюге, жарқын өмірге ұмтылуға, Қандай да бір қайырым жасаса да "Алланы қуантайын және адамзатқа бақыт сыйлайын" деп жасауға негізделген. Ислам әлемінде осындай түсінік үстем құрып тұрған уақытта мұсылмандардың арасынан көптеген ғалымдар, көптеген ақын - жазушылар, өнертапқыштар шыққан. Ал, қазір мұсылмандардың артта қалуының көп себептерінің бірі осы түсініктердің әлсіреп кетуі деп білемін...
...Адамзаттың кәдесіне жарап қалар деп өрмекшінің ұзаққа қалай секіре алатындығын зерттеп жүрген бір Еуропалы ғалымға араб өлкесінен келген бір мұсылман "Мынаған осыншама уақыт құртқаның калай? Бос әуре емес пе?" деген ғой. Сонда әлгі ғалым мұсылманға "Қазіргі кезде сендер біздің бабаларымыз секілдісіңдер. Ал, біз болсақ сендердің бабаларың секілдіміз" деп жауап берген екен.


Материал: Roman Burkashтың фейсбук парақшасынан
06 наурыз 2019 ж. 1 364 0