Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қарлығаш әулие

Қарлығаш әулие


Жоңғар басқыншылары өрттей қаптап, қазақ жерін таптап келе жатады. Қамсыз малын бағып отырған ел тым тырақай босып, үдере көшеді. Сонда жалғыз - ақ бір үй түтінін түтетіп отыра береді. Жоңғар қонтайшысы батырларын жұмсап:
- Анау жалғыз үй неғып көшпеген? Барып біліп келіңдер! - дейді. Келсе, ол Төле бидің үйі екен. Жоңғар жігіттері әкіреңдеп:
- Жұрттың бәрі көшіп кеткенде, сен кімсің, неғып отырсың?- дейді. Төле би олардың алдынан шығады. 
- Жігіттер, сабыр етіңдер! Алдымен үлкен кісіге сәлем қайда? Әдет- дәстүрден бір сүрінген олар сәлем беріседі. 
- Енді тыңдаңдар!- деп сөз бастайды Төле би.
- Шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Сол құс қашан сарыауыз балапандарын қанаттандырып өргізіп кеткенше мен еш жаққа көшпеймін. Қарлығаш қасиетті құс. Адам баласының досы. Сендер білесіңдер ме? Ертеде дүние жүзін топан су қаптағанда Нұқ пайғамбардың кемесін суға батудан аман алып қалған осы қарлығаш! Адам баласына қастандық жасамақ болған жыланнан да қорғап қалған осы қарлығаш. Мен жау келді деп, үйімді жығып, оның ұясын бұзып, балапандарын шырылдатар жайым жоқ! Сендердің де бала -шағаларың бар. Сендерді жұмсап отырған ханның да бала- шағасы бар. Сонда бала- шағаларыңды улатып -шулатып қырып, қырғын- сүргін қылып жатса, жақсы көресіңдер ме? Бар, хандарыңа осы сөзімді жеткізіңдер!
Жоңғар жігіттері барып, Төле бидің осы сөзін айтса, қонтайшысы:
- Ол әулие адам екен. Оған тимеңдер, оның төңірегіндегі елін де қозғамаңдар!- депті. Содан былай қарай Төле би ,,Қарлығаш әулие,,атанып кетіпті.
15 наурыз 2019 ж. 6 072 0