Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ӨНЕГЕСІ

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ӨНЕГЕСІ

Қарлығаш мектеп бітірісімен әкесінің қолқанаты болып жұмысқа араласады. Қалиндар да қызының іске епті, жұмысқа ширақ екенін аңғарып, малшылықтың қыр-сырына баули бастайды. Уақыт шіркін, бір орында тұрсын ба?! Сырғып өте берді, өте берді. Қарлығаш та әкесімен бірге қойдың соңынан еріп, жыл мезгілдеріне қарай қыстау, көктеу, жайлау, күзеуге көшіп, малдың қоңды болуына, қозылауына және т.б. жұмыстарға араласып, қойшылық өнерді ұршықтай үйіріп, меңгеріп кетті.
Алла сүйікті құлдарын паниде көп сынайма ма? Жаратушының сондай сынағын Шомақовтар әулеті де тартады. Асқар таудай әке науқастанып, төсек тартып қалады. Көп ұзамай бақиға аттанды. Отар қой қорада маңыратып қойса шетінен аштан қырылатыны анық. Не істеу қажет? Жүрегіне салмақ түсірген жағдаймен үйде отыра беруге әсте болмайды. Оның үстіне, совхоздың басшылығы Қарлығашқа аға шопандықты сеніп тапсырып отыр. Сосын белді бекем буып, әкенің жүрген сүрлеуімен отарға иелік жасайды.
– 25 жасымда аға шопан ретінде отар қойға жауапты болдым. Әкемнің атына сын келмесін деген ниетпен анам Бибайша ақылын айтып, шаруаға көмектесіп отырды. Бауырларым да демеп, бойыма күш берді, – деп есіне алды сол кездерді Қарлығаш.
Оның белсенділігі сол кезде көп қыз-келіншектерге үлгі-өнеге болса керек-ті. Партияға мүшелікке өтеді. Ауылдық кеңес депутаты болып сайланады. 
Кеңес Үкіметі тарап, Қазақстанда нарықтық қоғам қалыптаса бастады. Ауылдық жерлерде совхоздар тарап, жекелерге үлестірілгені аян. Бірі техникаға иелік етсе, енді бірі кеңселер мен қоймаларға қожайын болды.
Ал, Шомақовтар уәлеті ата кәсіп, қой бағуда одан ары жалғауды құп көрді. Олар өздерінің қаржысына қой мен сиырды сатып алып, оны көбейтуге кірісіп кетеді. 2004 жылы «Калиндар» шаруа қожалығын құрып, әкесі қой баққан жерді жалға алып, жұмысын дөңгелетіп отыр.
– Әкем «Ырыс алды – ынтымақ», «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас», «Інтымақ қайда болса – ырыс сонда барады» деген аталы сөздерді жиі-жиі айтып отырушы еді. Ұлағатты сөздер бойымызға сініп, өмірлік ұстаным еткендіктен бе, Ағам Мәнсүр, інім Жәмүр ұйымдасып малдың қоңды болуына жағдай жасап жүрміз. Бізде «ненікі, сенікі» деген түсінік жоқ. Ортақ мүлік, ортақ мүдде ретінде қараймыз. Содан болар, шаңырағымызға ырыс үйіріліп, берекеміз орнаған болар, – дейді Қарлығаш.
Иә, ызғарлы қысты күндері мен жаздың шіліңгір ыстығында отардың артында жүріп, өмірдің қатал заңдарына ерте пісіп, бірлік пен татулықтың туын жанына жалау еткен нәзік жандының өмір жолы, өмірлік ұстанымы үлгі өнеге алуға тұрарлықтай.
Нұр-Кенже.
30 қыркүйек 2018 ж. 1 617 0

Ұқсас жаңалықтар: