№84 (8795) 22

22 қазан 2024 ж.

№83 (8794) 19

19 қазан 2024 ж.

№82 (8793) 15

15 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » АЗАТТЫҒЫМ ЖАСАСЫН... (ОРАЗАЛЫНЫҢ КЕРЕМЕТ СӨДЕРІ)

АЗАТТЫҒЫМ ЖАСАСЫН... (ОРАЗАЛЫНЫҢ КЕРЕМЕТ СӨДЕРІ)

Монғолия менің өз жерім,
Қазақ малын баққан жер.
Орынбор да біздікі,
Шоқан бабам басқан жер.

Астрахань да біздің ел,
Абылай хан шапқан жер.
Ташкент те білсең біздікі,
Жалаңтөс баһадүр менен
Төле би бабам жатқан жер.

Қырғыз да анау туысқан,
Ақ әулиеде жиенің,
Қазақ домбыра болғанда,
Қырғыз еді тиегім.

Мәскеу де болса біздікі,
Бауыржандай қас батыр,
Орысқа сыйға тартқан жер.
Германия да біздің ел
Рейхстаққа ту тіккен,
Рақымжандай майдангер.

Франция да біздікі,
Әміре салып әндерін,
Қажымұқан чемпион болған жер.
Мысыр да анау біздің жер,
Билеуші Ұлы Бейбарыс
Жар баба ізі қалған жер.

Мекке білсең біздікі
Құнанбай мешіт салған жер.
Қазақтығым жасасын!
Азаттығым жасасын!
Осылай сөйлер талғамды ер!!!

// Оразалы Досбосынов..
25 маусым 2018 ж. 1 605 0