Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Бөлтірік шешен

Бөлтірік шешен


Бөлтіріктің өзімен тұстас бір туысы оған кездесіп қалғанда мынадай әңгіме айтады:

Ел жатып қалған кез еді. Біреу үйімнің тұсына келіп:
– Кім бар-ау, құдайы қонақпыз, – деді. Мен:
– Нешеусің? – деп сұрадым. Ол:
– Үшеуміз, – деп жауап берді. Мен:
– Үшеу болсаң басқа үйге барып қон, біздің үй тар, – дедім. Ол жөніне кете барды. Артынан қарасам, бір-ақ адам екен. Сонда Бөлтеке, оның «үшеуміз» дегені несі?
Бөлтірік ойланбастан:
– Ей, құрдасым-ай, – депті. – Ол адамның үшеуміз дегені – өзін, атын, тазысын айтқаны ғой. «Өзіме бір тостақ ас, атыма бір бау шөп, тазыма бір сүйек болса жетеді» деген еді білмеуші ме ең? – деп өкінішін білдірген екен.
06 қыркүйек 2018 ж. 2 774 0