№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӨКЖАЛДЫҢ АҚЫРЫ

КӨКЖАЛДЫҢ АҚЫРЫ

Жапырақтар түсіп, жер бетін сары кілеммен көмкерген табиғаттың әсем пейзажы көз тартады. Самал желмен тербелген дархан даланың тынысы ашылып, егіс алқаптары алыстан бой түзеп тұр. Түтіні түтеп, үйінде баласы, қорасында малы, ауласында қазаны қайнаған Қандөз ауылының тұрғындарының түн ұйқысын төрт бөлгізіп, төрт түлік тынышын алған түз тағылары бейбіт күннің берекесін алғандай. Тіпті, күнара емес, күн сайын қора-қораны жортып, ауыл маңын торалап жүретін дала жыртқышының қаһары еселене түскендей. Әбден ашуға булыққан қандөздіктер қанша таырысса да қасқырды қақпанына түсіре алмай әбіргерге түскеннен кейін, Рүстембекке көкжалды қолға түсіруге кіріседі. Иә, әкеден қалған кәсіп болмаса да, «әке көрген оқ жанар» демекші, ауылға Мырзан аңшы атанған абыз қарияның ұлы қаруы қолынан түспейтін еді. Кезінде 30-дан астам арланның адымын аштыртпай, қасқыр аулауды серігіне айналдырған Мырзан ақсақалдың өсиетін бойына сіңіріп, аңшылық өнерді бір кісідей меңгерген Рүстембектің бұл шешімін ауылдастары естіп қуанып, бір-бірене «көкжалдың ақыры келді» деседі.
Күздің алғашқы айының бел ортасы. Рүстембек қақпаны алып, «Нәндіқыз» атанған суағарға қарай бет алды. Қақпанын құрып, бірер күн күтеді. Бірінші күні барса қақпан тұр, қасқыр жоқ. Тумысынан қайсар, батыл жыртқыш бұл жолы аяғын шайнап, сүйектерін сындырып тұсаудан босап шығыпты. Арада бірнеше күн өткеннен кейін қақпан да, қасқыр да жоқ, тек қазық орнында. Иә, бұл әлгіндегі қасқыр болмады. Шынжырды үзердей арлан болды ғой деген аңшы із кезеді. Көкжал ізімен жүріп отырып, «Кәнібай» каналына келіп тоқтайды. Ары қарай шеңгел. Міне, қасқыр осында жасырынғаны анық. Мұны бірден сезген Рүстембек бірден ауыл азаматтарына хабар береді.
Не керек, қалын жеңгелдің арасында жасырынған қасқырды Ахметжан, Жанболат, Сейтжан, Кенжехан секілді азаматтар атуға жәрдемін береді.
Осылайша көптен қолға түспей жүрген дала жыртқышы көпке дейін өліммен арпалысып жатты. Міне, осы күннен бастап ауыл іші тынышталып қалған-ды. Біраздан бері қолына мылтық алмаған Рүстембек аға енді ақ ұлпада өрістегі малды торауылдап шығуды әдетке айналдырды.
– Рүстембек көптен бері ауыл тұрғындарының мазасын қашырып, түн ұйқысын бөліп жүрген түз тағысын құрықтап, азаматтық танытты. Әрине, осындайда әке көрген оқ жонар деген нақылдың мәнді екенін түсінесіз, – дейді Айдархан Әнапиев.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
03 маусым 2018 ж. 1 002 0