Биік көрер басқадан, әкем менің жақсы адам!
Әкем туралы еске алғанымда көз алдыма оның кескін-келбеті мен болмыс-бітімі келіп, бекзаттылық пен кеңпейілдік, адалдық пен адамдық қасиеті санама сәуле береді.
Алланың бұйрығымен әкеміз келместің кемесіне мініп кеткеніне де жыл толыпты.
Әкем Сапарбек Кәрімұлы 1947 жылы 8 сәуірде Шардара ауданы, Көксу фермасында дүние есігін ашып, 2020 жылы 14 тамызда дүниеден озды.
Біздің үйді ағайын-туыс «қара шаңырақ» деп қадірлеп, үлгі тұтады. Менің әкем осы «үлкен үйдің» тұңғышы, рухани қазынасы болды.
Сол кезде Қазақ Қыздар педагогикалық институтында оқып жүрген анамыз Күнімкүл Тұрлығұловамен Алматы шаһарында табысып, 1968 жылы отау құрды. Әкеміз орта мектепті бітірген соң Алматы зооветеринарлық институтында зоотехник мамандығы бойынша білім алып, маманданды.
Ата-анамыздың кіндігінен 3 ұл, 2 қыз тарап, аяқтанды. Әкем 1969-1971 жылдары жолдамамен Түрікменстанда әскер қатарында болып, офицер шенінде қызмет етті. 1971 жылдан Сунақата совхозында мал маманы, бір жылдан кейін бас мал маманы қызметін атқарды. 1981 жылдан зейнетке шыққанға дейін ауылшаруашылығы саласында бригадир болды.
Қай салада қызмет жасаса да қарамағындағыларға талапты жоғары қойды.
Өзінің еңбекқорлығы мен талапшылдығымен, ойлаған межеге жететін мұратшылдығымен көпшіліктен ерекшеленді. Ал, көпе-көрнеу сылтау айтып, босбелбеулік танытқан адамдарды жақтыра бермейтін.
Әкесі Кәрім мен анасы Үміткүлден бірдей айырылып, інілері мен қарындастарына баскөз болып қалғанында 32 жаста екен. Анам №194 мектепте дәріс берген. Сол ауыр жүкті өздерінің ынтымағының, биік адамгершілігінің, сабырлылығының, ұстамдылығының арқасында көтеріп, қатарынан кем етпей өсіріп, жеткізді. Барлығын бір-бір үйлі етті. Оқытты, үйлендірді. Артық айтқандық емес, ата-анасы бар отбасынан бір мысқал да кем етпей жетілдірді. Әуелі Алланың, екіншіден анам екеуінің ыстық ықыласымен аманатты мүлтіксіз орындап шықты.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын- дегендей інілері де келіндері де алдынан кесе өтпей, айтқанын екі етпей, «біздің үлкен аға» деп қастерледі. Әр сәт сайын өздеріне қамқор осындай биік тұлғаның болғанына шүкіршілік етті.
Әкеміз қаталдау кісі болды. Бірақ қара қылды қақ жарып, шындықты бетке айтып, көлгірсуді білмейтін тура мінезімен дараланды. Шүкір, анамызды алақанына салып, ешнәрседен тарықтырмай үкілеп ұстады. Анамыз екеуі тәрбиелеп өсірген бес баланың тұңғышы Ерен анамыздың жолын қуып №194 мектепте ұстаз. Ералы Алматыда Абай атындағы университетте көркем өнерден дәріс береді. Баян Кентау қаласында №1 мектеп лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс береді. Мен қазақылықтың иісі аңқыған ежелгі Сығанақтың орны Сунақата ауылында тұрамын. №194 мектепте анамның ізін жалғастырып келемін. Қарашаңырақтың түтінін түзу шығарып, малға да, жанға да еге болып кенжеміз Бегалы отыр. Анамның бауырына басқан кенжесі Тұрар – электрик. Келіндері Гүлдариға, Айгүл, Гауһар, Мөлдір бірі ұстаз болса, енді бірі жоғары білікті дәрігер. Айта кететін бір жәйт, әкемді інілерінің келіншектері – Күміскүл, Рыскүл, қарашаңырақтағы келіні Шолпан, екі Мейрамкүл, Клара әрдайым «аталап», «көкелеп» құрақ ұшып, қадірлейтініне қарап, іштей риза болып, әрдайым шүкіршілік ететінмін. Әкешім де «шүкір еңбегі қайтты» деп отыратын әрдайым. Бауыр десе бауырын жұлып беретін қайран әкешім. Ендігі жерде асыл анашым біздерге басшы болып қарайып аман жүрсе екен деп тілейміз. Ұрпағыңмен мың жасаған Ұлықпан Мәлік сияқты артыңда ізіңді жалғар ұрпағыңыз аман болсын.
Әкешімнің үмітін ақтау – біздің парызымыз. Кейінгі ұрпаққа зор үмітпен қарап «жеміс беретін ағаштың бұтағын кеспе» деген қағиданы берік ұстанып, немерелеріне де қатты сөз айтпаушы еді жарықтық.
Асылында «өмірге адам болып келіп, адам болып өту» кез келгеннің маңдайына жазыла бермейтін некен-саяқ несібе шығар. Мен асқар тау әкешімді дәл осылай көремін және осы бір заңғар тұлғаны өмірлік нұсқа етемін. Немерелері Нұрғиса Алматыда «Арыстан» әскери жоғары мектебін бітіріп, Президент Қ.Тоқаевтың қолынан «Қызыл диплом» алды. Аманы №194 мектепті Алтын белгімен бітірді. Әкем, шүкір, шөберенің қолынан май жалап үлгерді.
Міне, менің Әкем осындай жүрегінде иман ұялаған парасат иесі. Ескерусіз қалған ата-баба басына белгі қоюға жанын салып кірісіп, көзі тірісінде ағайындарды біріктіріп, Жезқазғанда қалған бабаларына белгі қойдырды.
1986 жылы Талдықорғанға барып семинарға қатысып, тәжірибелі мамандарда жүгерінің жоғарғы, сапалы өнім беретін түрін егуді, мал өнім алуды үйреніп, ауылға келген соң бірнеше жыл сол тәжірибені қолданып, мол өнім алды.
Құда-жекжаттары сол 32 жастағы менің ата-анамды «құда», «құдағи» деп төрлерінен орын беріп, біздің Сәкең мен Күнімкүл құдағи қандай сый-сияпатқа да лайық деп бағалады.
Ол да болса өздерінің жылы көзқарасы, жұмсақ жүрекпен, кең пейілмен қарым-қатынас жасағандарының қайтарымы шығар. Ардақты әкеміз өмірінің соңғы сегіз жылында ізінен ерген інілеріне «Сыбаға» бағдарламасы бойынша нұсқау, бағыт берді. Шүкір, содан қораларына мал бітіп, шаруашылықтарын аяққа тұрғызды. Төрағалық етіп Әшім інісі басқарды. Қазіргі үлкендеріміз Әмір аға, Манап аға, Абылай аға, Әбілжан, Ерен, Бегалы, Жандос, Нұралы балалары қоштап бір қауым ел болып, әр шаңырақтың түтінін түзу шығарып отыр.
Әрине, бұл тіршіліктің оңға басуы әуелі Алла, сосын өздерінің ерінбей еткен еңбегінің нәтижесі.
Райхан Досмағанбетова