№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Ел есіндегі есім


Жеңіс күні біздің отбасымыз үшін тағылымы мол ерекше мейрам. Себебі, менің әкем Оразбек Жұмаділлаев Ұлы Отан соғысына қатысып, елдің тыныштығы мен Жеңіс үшін күрескен жан.


Әкем өмірге келген 1922 жылдары өңірге өзгеріс келіп жатқан кезең еді. 1927 жылдары Үкіметтің саясатымен колхоздар ұйымдаса бастады. Оның бірі «Қыркеңсе» колхозы еді. Оған елдегі сауатты кісі Оразымбет Әлжанов басқарма төрағасы болды. Сол жылдары халықты сауаттандыру басталып, әкем де алғашқылардың бірі болып сауаттанады. Бұл жайлы Қыркеңсе ауылдық округі жанында­ғы ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқтасын Төлепбергенов:
– Колхоз ұйымдасқан алғашқы жылдары колхозшылар жаппай жұмылып, 1928 жылы «Өзгент» көлінен су алатын, ұзындығы 20 шақырым арық қазып, қыстыгүні жердің тоңын сексеуіл отымен жібітіп, көктемге дейін «Қыркеңсе» жеріне дейін жеткізген. Оған колхоздағы 800 отбасынан 1000-ға жуық адам қатысқан. Осы кезеңде тарихтан белгілі болған 1930-32 жылдары ашаршылық басталып, ел абыржып қинала бастайды. Әрбір үйді тінтіп, талғажау етіп отырған азғантай астығына дейін тартып алып ашаршылықты қолдан жасады. Елге түрлі аурулар тарап, жұрт жаппай қырыла бастады. Осындай аласапыран азапты кездің аяғын ала бере 1941 жылғы Ұлы Отан соғысы тұтанып, әрбір үйден қолына мылтық ұстауға жарайтын азаматтары майданға аттанды, – деді.
1942 жылы әкем Оразбек Жұмаділлаев та соғысқа аттанып кете барады. Соғыста болған төрт жылда үш рет ауыр жараланып, әскери госпитальға түскен. 1946 жылы қолтығына ағаш балдақ сүйеніп келген әкем атамның қолына сүйеніш болуға жарап, қойын бағысуға кіріседі. Түйе мініп, колхоздың қойын да бақты. Ешкімге аяғының ауыратынын айтып міндет қылмады. Алапат соғыстан аман келіп, отбасын құрып, 2 ұл, бір қызды өсіріп жетілдірді. Бірлік совхозында қадірлі шопан атанды.
Кейін Жеңістің 20 жылдығы қарсаңында Түгіскен тыңы игеріліп, жаңадан «Задарья» совхозы құрылды. Жаңадан ашылған совхозға малшы да, механизатор да, егінші де керек болды. Әкем Оразбек 1966-1977 жылдары кеңшардың қойын бағып, бордақылап, дала қостары мен совхоз жұмысшыларын етпен қамтамасыз етіп отырған.
Соғыс салған жарақаты денсаулығына сыр берген соң ауылдағы ауруханада, мектепте қарауыл, қорықшы болып еңбек етіп, 1982 жылы зейнетке шықты.

Ерғали Оразбеков,
еңбек ардагері

07 мамыр 2021 ж. 799 0