Ағаның айтары көп еді
Елі үшін көкірегін оққа тосып, қан майданның қасіретін тартқан талай тұлғалардың ерлігі мен адамдық қасиетін көпшілік әлі де ұмыта қойған жоқ. Соның бірі Ұзақ Өтебековтің елге еткен қызметі жайында айтқым келеді.
Ол 1906 жылы Кеңес ауылындағы қарапайым отбасында өмірге келді. Балалық шағы жазы жайлауда, қысы қыстақта малшылармен бірге өтті. Әкесі баласының көзі ашық болғанын қалап, 10 жасында ауыл молдасына сауат ашуға береді. Бұл туралы ол өз естеліктерінде былай деп жазыпты:
«Алғаш дәріс аламын деп молдаға барған кезім есімде. Қолымда анам ұстатқан жарты қауақ айран мен бір таба күлше. Көзіміз бақырайып, молда алдында отырмыз. Жан-жағымдағы балаларға тиісіп, тыныштықты қайта-қайта бұза бергендіктен молдекем ашуға мінді. Ашуға булығып, дүре соқпақшы болған сәтте қолымдағы қауақты басына кигізіп, қаша жөнелдім. Сөйтіп, менің сауат ашуым небәрі жарты күнге де созылмады».
Осылайша, балалықтың бал шағы мал соңында өтеді. Жиырма жасқа жеткенде елде байларды қудалау жүреді. 1929 жылы Кеңес колхозы құрылып, қара жұмысшылар қатарына алынады. Жылқышы, қойшы, егіс суғарушысы секілді жұмыстар атқарады. Ұлы Отан Соғысы басталған тұста ауылдан алғаш аттанған солдаттар қатарына ілігеді. Отыз бес жасты алқымдаған шақта №293 К-100 атқыштар құрамы полкінің арнайы атқыштар дивизиясында пулеметші болып майдан ұрысына кіреді. Сержант шеніндегі бөлім командирі болып, Сталинградты азат ету шайқасына қатысады. Алғашқы тоғыз айында нәтижелі жұмыс орындап, әскери бұйрықтарды тиянақты атқарады. Осы кезде мойнынан жеңіл жарақаттанып, госпитальде ем алады. Жарақат жазылар-жазылмас қайтадан соғыс майданына аттанады. Сталинградтан кейін Орлов, Украина, Белоруссия жеріндегі елеулі шайқастарға қатысты. 1944 жылы Белград қаласының маңында болған ірі қақтығыс кезінде аяғынан ауыр жарақаттанады.
Осындай ауыр соғыс уақытын еске алып жазған естеліктерінде:
«Белградты азат ету үшін кескілескен ұрыс жүріп жатты. Немістер де ығысар емес. Біздің бөлімшенің қауқары қалмай бара жатты. Бір сәтте рота командирі мерт болды деген қайғылы қазаны естісімен, оның міндеті маған жүктелді. Намысқа тырысып, барымызды салып бақтық. Снарядтар төбеден жаңбырша жауып жатты. Құлақ естімес, көз көрмес қаратүнек орнады. Бір сәтте аяқ астына түскен снарядты көріп қалғаным сол еді, көзіме жарқ ете қалды. Құлап түстім, бір есімді жинасам, госпитальге алып бара жатқан командиріміздің сөзін естідім: « Жолдас Өтебеков, есіңізді жиыңыз! Жеңіс сәл қалды. Біз бірге жеңісті тойлайтын боламыз, – дегені есте қалды», – деп жазады өткенін еске алып.
Жаудың қақарынан қорықпаған жауынгер ағамыз снаряд тиген аяғының сүйегі жарамсыз болып қалып, елге мүгедек болып оралды. Жеңісті ауылда қарсы алды. Кеудесіне «Сталинградты азат еткені үшін», «Орловты азат еткені үшін», «Украинаны азат еткені үшін»,«Беларусияны азат еткені үшін», «Отан жауынгері» орденін тақты.
Соғыстан кейінгі жылдары да мүмкіндігі шектеулі жағдайына қарамастан Кеңес колхозының белді мүшесі болды. Еңбекке араласып, іскерлігі мен жауапкершілігін байқатты. Еңбегі еленіп «Озат шопан» атанды. Жары Зейнеп апамен жарасымды жанұя құрып, 14 ұл мен қызды тәрбиеледі. Өнегелі отбасы болып, 53 немере, 101 шөбере, 1 шөпшек сүйді. Жұбайы да еңбекқор жан еді. «Батыр ана» атанып, «Еңбек ардагері» ретінде елге сыйлы болды. Ашаршылықты да, соғыс жылын да, бейбіт кезеңді де көрген ағамыз зейнеткерлікке 1969 жылы шықты.
Түйін. «Ауылыңда төбе болса, атпен тең. Ақылды қария болса жазылып қойған хатпен тең», дегендей ауылдағы ағайындардың арасында адами асыл қасиетпен есте қалған жақсылардың аты өшпейді екен. Ағайынның басы қосылса, ақиқатын айтып, ақтарылатын арлы азаматтың өсиеті мен өнегесін еске алады. Өмірі мен өршілдігі кейінгі жас буынға үлгі болсын деген ниетпен жақсы аға туралы білгенімді бөліскенді жөн көрдім.
Нәлібай ҚҰРБАНИЯЗОВ