№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Кентті көркейту – маңызды қадам

Кентті көркейту – маңызды қадам


Соңғы жылдары Жаңақорған кентінің әкімшілік аумағы кеңейді. Яғни Саяжай, Иппадром, Алтыгрант, МАИ бекеті сынды аумақтарда тұрғын үйлер саны көбейді. Бұл дегеніңіз, адам санымен қатар көлік саны артты деген сөз. Олай болса, кент көшелерін кеңейтіп, қайта қарау маңызды. Аудан әкімі Сұлтан Мақашов осыған мән беріп Хорасан ата мен Аманкелді көшесін абаттандыру және кеңейтуді қолға алды. Атқарылып жатқан істерді көзбен көру үшін аудан басшысы арнайы барды.


Енді Хорасан ата және Аманкелді көшесі кеңейтіліп, адамдардың еркін жүріп-тұруы үшін тротуарлар салынып, түңгі жарықтар орнатылып, орындықтар қойылады. Бір сөзбен айтқанда, кент келбеті қайта жаңғырып, үлкен өзгеріс күтіп тұр. Кенттің басты көшелеріндегі жұмыс ауқымын көріп, кемшіліктерді саралаған әкім:
– Жыл сайын кенттегі көлік еселеніп, тұрғындардың саны өсті. Сондықтан кент келбетінің көркейіп, автомобиль жолдарының кең болуы тиіс. Яғни кент келбеті көркейіп, кемелденуі тиіс. Міне биылғы басты меже осы болатын. Енді жұмысты уақтылы, әрі сапалы жүргізіңіздер, – деді.
Аудан басшысы алдымен көше бойына салынып жатқан жарықтарға тоқталды.
Сондай-ақ әкім жаяу жүргін­ші жолының сапасын, орындық­тар­дың қойылатын жерін, арақашық­тығын, қоршауларды қалай орна­ластыратынын сұрап, тиісті тапсырмаларды жүктеді.
Көше бойындағы аялдаманың сапасына сын айтты. Стандарқа сай сапалы, әрі безендірілуі тартымды болуы тиіс деп тапсырма берді. Сосын ағаштың арасымен жүргізілген жаяу жүргінші жолы бойындағы қоршауды толық алып тастамай, қажетті жерлерін ғана ашуды тапсырды. Өйткені кенттегі ірі қара малы ағаштарды жеп қоюы ғажап емес. Онсыз да басқа көше бойында сая болып өсіп, көрік беріп келе жатқан ағаштардың жапырақтарын мал жеп қояр емес. Әрине бұған тоқтау қоймаса болмайды. Оның жолы түлік иесін тауып, айыппұл салу тиіс.
– Орташа жөндеу, көркейту жұмысы биыл бітіп, кент ажарлана түседі. Ауыз су мәселесі шешілуде, енді осы істі бір жақты ету ғана қалды. Аманкелді көшесінің бойына да жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – деді кент әкімі Есдаулет Сейлов.
Уақыт оздырмай Аманкелді көшесіне де келіп жеттік. Алдымен асфальт сапасына мән берген Сұлтан Ысқақұлы көше бойындағы жеке нысандар, мәселен жанар-жағар май құятын бекет, кафелер асфальтқа дейінгі жерді цементтеп тастау қажеттілігін ескертті.
– Кенттің басты көшесін кеңейту, көркейтк мақсатында қаржы бөліп, істі бастадық. Енді кәсіпкерлік субъектісінің иелері түсіністік танытып, кәсіпкерлік нысанынан асфальтқа дейінгі жерлерге мән беру керек-ақ. Адам да, көлік жүруге де ыңғайлы, әрі көше келбетін ашып тұруы тиіс, – деді Сұлтан Ысқақұлы.
Жалпы жаңғырту жұмысын мер­дігер «Асанас-ДАР» ЖШС атқа­руда. Құрылыс инженнері Қалдыбай Әлжанов:
– Кенттің қос көшесінде ауқымды жұмыс жүргізіледі. Біздің мекеме тәжірибелі деп айтуға болады. Жөндеу жұмысы толық аяқталғаннан кейін, кенттің кіре беріс көшесі әсем көрінетін болады. Мұның барлығы ел игілігі үшін, – деді.
Аманкелді көшесінің бойын­дағы интернет желілерінің дұрыс орнатылмауына арнайы тоқ­тал­ған аудан басшысы соңғы рет «Жаңақорған желілік телеком­муникациялық цехының» басшысына ескерту беретінін айтты. Өйткені интернеттің дұрыс жасамауына байланыцсты тұрғындардан арыз жиі түсетіні тағы бар.
Шыны керек, кент келбеті ажарланып келеді, 29 көше асфальттанып, ауыз су мәселеі шешімін табуда. Тек сапалы болуы шарт. Бұған тек атқамінерлер ғана емес, қоғам белсенділері де, ардагерлер мен көше тұрғындары да қадағалау жасауына болады. Өйткені мұндай мүмкіндік, мұндай қаржы енді қашан бөлінеді? Ол жағы белгісіз.
Сондықтан жұмыстың санына емес, сапасына көңіл бөлінген жөн. Іс-сапар жұмысын әрі қарай аудан әкімі орталық стадион құрылысымен жалғады. Онда да тиісті тапсырмалар жүктеді.
Көрермендер отыратын орын­дықтардың құрылысына көңіл тол­маған Сұлтан Мақашов кемшін тұстарды тізбектеп, орындалуын қадағалауды спорт бөлімі мен құрылыс бөлімінің басшыларына тапсырды...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ

29 шілде 2020 ж. 676 0