«Өрт қауіпсіздік айлығы» іс-шарасы жалғасуда!
«Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы» Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №142 бұйрығының 3-тармағына сәйкес, Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау Гарнизонының қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 02 қазан күні жылу беру маусымының алдында Жаңақорған ауданы, Көктөбе ауылдық округі, Көктөбе ауылының Береке, Тәуелсіздік, Жаңа ауыл, Бейбітшілік көшелерінің тұрғын үйлері араланып, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрғындарға «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» және «Көмір қышқыл газынан уланудан сақтану» тақырыптарында үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Үгіттеу-түсіндіру жұмыстары кезінде 85 тұрғын үй араланып, барлығы 517 азамат(ша), оның ішінде: 271 жасөспірім үгіттеу-түсіндіру жұмыстарымен қамтылды.
Үгіттеу-түсіндіру жұмыстары кезінде арнайы дайындалған 340 дана жадынама пақшасы таратылды.