№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫ ТАЛАН-ТАРАЖҒА ТҮСПЕСІН

ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫ ТАЛАН-ТАРАЖҒА ТҮСПЕСІН


Табиғат байлығына бағаланатын орман-тоғайды қорғау, өсіру, қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті. Өйткені, орман-тоғайдың халық шаруашылығындағы маңызы сан қырлы. Олар оттегімен толықтыру, топырақты эрозиядан қорғау, қоршаған ортаның ластануын азайту қызметін атқарады. Ал, өртенген тоғай 2-3 жылсыз қалпына келмейді.


Иә, соңғы жылдары табиғаттың өзі сыйлаған тоғайлы аймақтарды өртеу фактілері көбейіп кетті. Өз ортамызда тұрған табиғат байлығына неге жанымыз ашымайды? Азаматтар арасында неге орман-тоғайға деген қамқорлық төмен? Осындай сауалдарға жауап табу қиын. Орман-тоғайдың өртенуіне ең басты себепші жеке қожалықтар мен жеке бақша егушілер және мемлекеттен жерді жалға алып, мал жайылымы ретінде пайдаланушылардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауынан орын алып отыр. Өсіп тұрған тоғайға от қоюшылардың қатарында ата-анасының бақылауынсыз мал бағып жүрген жас балалар да кездеседі.
Шаруашылық басшылары мен жұмысшылары егістік жерлерді, арық-каналдарды, бақша егетін жерлерді тазалау кезінде өткен жылғы қамыс және басқада шөптерді өртеу кезінде оттың тоғайға өріп кетпеуін қадағалау үшін арнайы маман бөліп, бақылауға алған жөн. Сондықтан, әрқайсымыз қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындауымыз қажет. Мәселен, ашық отты пайдалануда бақылаусыз қалдырып, оны жасөспірім балаларға сеніп тапсырып тастап кетпеу керек. Далалық жерлерде егін алқаптарын дайындау кезінде отты бейберекет қойып, жерді ашу мақсатында пайдаланбауы керек. Сондай-ақ, көктем, күз айларында табиғатқа демалысқа шығып, ашық отты пайдаланып, оның шоғын толық сөндірмей тастап кетпеуі керек. Әрбір жер иелері өз теңгеріміндегі жерлерінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақталуын қаматамасыз етуі керек.
Міне, осындай қарапайым ережелерді сақтау әрбір тұрғынның міндеті. Осы орайда, Жаңақорған ауданының төтенше жағдайлар бөлімі кез-келген өрт оқиғасына дайын болу мақсатында оқу-жаттығу жиынын жиі өткізіп тұрады. Жақында кент аумағында тоғайлы аумаққа қолдан өрт оқиғасын тіркеп, орман және жануарлар дүниесін қорғау бөлімімен біріге отырып дайындық жұмысын пысықтап алдық. Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков оқу-жаттығу жұмысының басы-қасында болып, әлі де дайындықты күшейте түсу керектігін жеткізді.

Нұрсұлтан НЫСАНБАЕВ,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері.
---
24 сәуір 2019 ж. 1 579 0