Жаңақорғанда қанша рекордсмен бар? Олар кімдер?
Тарихқа зер салсақ ерекше талант иелері биік-биік тұғырдан көрініп, жаһан жұртын таңқалдырып келеді. Мәселен, гимнаст Лариса Латынин Мельбурн, Рим және Токио Олимпиада ойынында 9 рет үздік көрсеткіш көрсетті. Афина, Пекин және Лондонда байрағы көтерілген аламанда жүзгіш Майкл Фэлпс алдына жан салмай, 23 алтынды мойнына тағады. Данқты диқан Ыбырай Жақаевтың да рекордпен таласы бар. Оның звеносы күріштің гектарынан 174 центнерден өнім жинап, қазақ диқандарының абыройын асқақтатты. Осылай тізбектей берсек рекордтар көп-ақ. Мұндай рекордтар аудан тарихында да аз емес. Сонымен...
Ұлы Отан соғысы кезінде соғысқа 300-ден астам сәйгүлік жібергені үшін және 1947 жылы қарауындағы 80 биеден 80 құлын алған «Талдысу» колхозының жылқышысы Сердалы Құрымбеков КССР Жоғарғы Советі Президумының 1948 жылғы 23 шілдендегі жарлығымен «Социалистік Еңбек Ері» атанып, оған «Ленин» ордені мен «Орақ пен балға» алтын медалі қоса беріледі.
Халықаралық «Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай» халықаралық қозғалысының шешімімен жүзден астам медбике марапатталды (осы уақытқа дейін). Соның ішінде жерлесіміз Рәзия Ысқақова да бар. Мұндай құрмет оған Ұлы Отан соғысы жылдары ұрыс алаңынан 2000 астам жаралы жауынгерді алып шыққаны және Сталинградты азат ету кезінде 44 жауынгерді (бір күнде) құтқарғаны үшін берілген. Мұндай марапат қазақ қыздарының ішінде Р.Ысқақоваға ғана берілді.
Әйелдер арасынан 40 жылға жуық трактор рөлінде отырған «Екпінді» колхозынан шыққан «Ленин» орденінің иегері даңқты механизатор Қалипа Түлкібаева онға тарта ауыр көлікті тізгіндеген. Нақты айтқанда, трактордың ХТ-3, СТ-3, ЧТЗ, Беларусь, Нати, Дт-54, Дт-74, К-700 маркаларын айдаған.
1989 жылы қарауындағы 90 інгеннен 90 бота алып ең жоғарғы көрсеткішке «Талап» кеңшарының түйекеші Шадыман Есенқұлов жетті.
1965-1967 жылдар аралығында қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған «Красная звезда» кеңшарының даңқты сауыншысы Баян Әріпова қарауындағы әр сиырдан 4800-5600 литр аралығында сүт сауды. Бұл сол кездегі үздік көрсеткіш еді.
Аудан шопандары арасында 1975 жылы қарауындағы әр жүз саулықтан 228 қозыдан алып, 400 қозыны тірідей өсіруге қалдырған «Төменарық» кеңшарының шопаны Орынбай Бидашев «Социалистік Еңбек Ері» атанды. Әрине, мұндай жетістікке жету әркімнің қолына келе бермейтіні ақиқат.
Денсаулық саласында ең ұзақ қызмет істеген дәрігер Галина Викторовна Попова 1952-2003 жылдар аралығында қызмет етті. Яғни, 51 жыл Төменарық ауылдық ауруханасының дәрігері болды. Осы жылдары елді мекен тұрғындарының құрметіне бөленіп, абыроймен қызмет етті.
Гір спорты бойынша жерлесіміз Серік Ибрагимов әлемнің 4 дүркін, Еуропаның 9 дүркін және Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпионы атанды. Бұл аудандағы ең үздік көрсеткіштің бірі.
Еркін күрестен Дәулет Ниязбеков екі дүркін Азия чемпионы, Ғалымжан Өсербаев әскерилер арасында Әлем чемпионы атанды. Ал, Мереке Құдайбергенова қазақ, белбеу, самбо мен дзюдо күрестерінен Қазақстанның 10 дүркін, белбеу күресінен Әлемдік додада 2 рет үздік шықты.
Халықаралық дәрежедегі төреші, білікті бапкер Әбдісаттар Садықов белбеу күресінен Қазақстанның 20 дүркін чемпионы.
Аудандық жылжымайтын мүлікті тіркеу мекемесінің қызметкері Ербол Қырықбаев марафондық сайыста ауданның 5 дүркін, облыстың 4 дүркін және Қазақстанның 1 дүркін чемпионы.
Спринтерлік қашықтықта 100 және 400 метрге жүгіруде 1958 чемпион атанған Совет Исамбаевтың көрсеткішіауданда осы кезеңге дейін өзгермеген.
Ардагер ұстаз Досман Ахметов Аққұм мектебінің меңгерушілігіне 1935 жылы тағайындалып сонда 1980 жылға дейін бір орнында қызмет атқарды.
Математик, күйші, аудандық газеттің белсенді авторы болған Қалжан Төрежанов №125 Садықбек Сапарбеков атындағы мектепте өмірінің соңына дейін ұстаздық етті. Ол үзіліссіз 52 жыл ұстаздық етті.
ТҮЙІН. Әрине, тізбелей берсек аудан тарихында орнаған үздік көрсеткіштер өте көп. Біз санаулысын ғана сараладық. Егер қамтылмай қалған рекордтар жайлы білсеңіз, редакцияға хабарласып, үздіктердің үздігін анықтауға атсалысуға болады...