№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Саңлақ спортшы

Саңлақ спортшы


Майкл Фэлпс Олимпиада ойындарында 23 рет, Әлем чемпионатында 26 рет топ жарып, әлемдік рекорд орнатты. Оның бұл жетістігімен бірде-бір спортшы таласа алмайды. Тіпті көптеген мемлекеттің өзі бұл көрсеткішпен теңесе алмайды.

Майкл Фелпс бассейнге алдымен бес жасында келді, жеті жасында ол шамадан тыс қуаттан арылу үшін спорттық жүзумен айналысады. Ол алғашында суға басын батырудан қорықты. Бірақ жүзудің осы түрінен 18 дүркін Олимпиада чемпионы атанды.
М.Фелпс 15 жасында Сидней Олимпиадасына қатысуды мұрат етті. Сөйтіп 200 метрлік қашықтықта олимпиадалық іріктеуге барын салды. Бірақ мәреге алтыншы келіп, төртжылдықтың басты бәсекесінен тыс қалды. Содан бастап жүзудің қыр-сырын терең меңгеріп, шеберлігін арттыруға мән береді. Бес айдан кейін Жапонияда өткен Әлем кубогында 200 метр қашықтықта әлемдік рекордты орнатты. Бұл рекорд орнатқан ең жас спортшы атанды. М.Фелпс жүзу спортының тарихында түрлі қашықтықта әлемдік рекорд жасаған алғашқы жүзуші.
2003 жылы әлем чемпионатында паш етті. Барселонада 18 жастағы спортшы үш мәрте алтын медальды иеленіп, әлемдік рекордты бес рет жаңартты.
2004 жылғы Афина Олимпиадсында алғашқы күнінде 400 метрге кешенді жүзуде АҚШ спортшысы әлемдік рекордты жаңартты. Бірақ келесі күні еркін тәсіл бойынша 4×100 эстафеталық бәсекеде мәре сызығын үшінші болып қиып өтті. Енді Олимп шыңын тоғыз рет бағындырған Марк Спитцтің рекордын бұзу мүмкін еместей көрінді. Фелпс бұл сәтсіздікке аса қайғыра қойған жоқ. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: «Мен Спитцтің рекордын жаңартуды мақсат тұтқан емеспін. Ондай әңгімені таратып жүрген журналистер. Афинада мен жалғыз алтын алсам да, соны місе тұтар едім», – деді. Уәжін іспен дәлелдеген ол алты рет алтын алқаны мойнына тақты.
Оны Ян Торптың Олимпиадада ешкім сегіз қашықтықта топ жара алмайды деген сөзі жігерлендіреді. Осы жолда Майкл тер төкті. Бұл мақсатына Пекин Олимпиадасында 8 алтын медаль жетіп алып, қол жеткізді.
2012 жылы Лондон Олимпиадасында 4x200 метр қашықтықта эстафеталық  жарыс,200 метрге еркін жүзуде, 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзіп, 4 алтын медаль олжалады.
2016 жылы алауы жанған Рио-де-Жанейро Олимпиадасында аты аңызға айналған жүзуші мықтылығын тағы дәлелдеді. 35 жастағы жүзгіш Токио Олимпиадасына қатысса таңғалмаймыз. Себебі оның жеткен жетістігі адам сенгісіз құбылыс...

Ерлан АБДРАСИЛОВ
12 сәуір 2020 ж. 842 0