№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

"Үздік диқаншы"


Сыр елінің диқаншылары «Ай-Керім» күрішінен мол өнім ала бастады. Биылдың өзінде 18 шаруашылық күріштің әр гектарынан 80 центнерден өнім алды. Енді келер жылдан бастап дала еңбеккерлерінің сұранысын арттырған бұл күріштің түрін жерлесіміз Керімхан Егізбаев ғылымға енгізді. Бұл ғалымның 15 жылдан бергі тынымсыз еңбегінің жемісі. Сондықтан, жыл қорытындысымен біз «Үздік диқан» номинациясына Керімхан ағаны лайықты деп таныдық.
Ғылыми-өндірістік «Агротехнология» шаруа қожалығы 2019 жылы егіліп, күтімге алынған «Ай-Керім» сортының 126 гектары жиналып, егістіктің әр гектарынан 82 центнерден, барлығы 10332 центнер рекордтық өнім жиналған. Звено жетекшісі Мухтархан Барышев қарамағындағы «Ай-Керім» сортымен егілген 80 гектар күріштің әр гектарынан 97 центнерден өнім жинады, жекелеген күріш атыздарындағы гектарлық өнім 107-112 центнерден айналды.
Отандық, Сыр бойының «Ай-Керім» сорты жоғары өнімділігімен, жоғары сапалылығымен алдағы уақытта шаруалардың қамбасын толтырып, облысымыздың экономикасын онан әрі көтеруге септігін тигізеді деген сеніміміз мол.
31 желтоқсан 2019 ж. 1 660 0