№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күйеуіне бір рет есік қақтырмаған әйел

Күйеуіне бір рет есік қақтырмаған әйел


Алғаш Жамал апаның өзінен бұрын маған ол кісінің даңқы жеткен еді. Апамызды көруге қатты құмарттым. Өйткені, досым әрі ағам болып келетін бір кісі оны үнемі тілге тиек ететін. Қанша есейіп, соқталдай ер жігіт болып кетсе де, ұлдарын жөнге салып, кейде тіпті, таяқпен ұрып-ұрып жіберетін көрінеді. Бірде аты дардай генерал баласы үйінде шалқасынан түсіп жатқанда, «мынау не жатыс?» деп тартып-тартып жіберіпті дегенді де құлағым шалды. Сол кездерде маған қаһарлы, түсі сұсты кейуана елестейтін. Арада бірнеше жыл өткенде Құдай оңдап әлгі кісіні өз көзіммен көру бақыты да бұйырды!
Алғашқы кездесуден-ақ ерекше әсер алдым. Оны, тіпті, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тура алдымда ақ жаулықты, аппақ киім киген, жүзінен мейірімі төгілген, жылы шырайлы Жамал апа тұрған еді. Асыл ана деген өзінше бір тұлға екен ғой! Дәл қазақтың байырғы батыр аналарының жұрнағындай еді. Таныстықтықтан соң, Жамал апамен етене жақын араласып бір кітапқа арқау болатын өмір жолынан хабардар болғандықтан, жүрген жерімде ол кісі туралы айтып жүруді әдетке айналдырдым.
Жамал апа – елдің анасы, кәдімгі тура мағынасындағы «ел анасы»
Ол өзін құдды бір жұрттың барлығына қарыз адамдай сезінеді. Тапқанын бөліп береді, ешкімнен аямайды. Жас кезінде жұбайынан ерте жесір қалса да, он шақты баланы уысынан шығармай бағып-қаққан. Ешкімге қол жаймай, бір Аллаға сүйеніп, тұқымында бар тектілігімен, тағдырдың қиыншылығына мойынсұнбаған.
Бірде апамыз әңгіме айтып отырып былай деді: «Мен ерімді қатты қадірледім. Отасқан жылдарымызда бетіне келіп, бір ауыз сөз қайырып көрмеппін. Жиі сапарлайтын еді. Қазір ойлап отырсам, сапарынан келгенде оған бір рет те есік қақтырып көрмеппін...»
Осыны естігенде қайран қалдым. Апамызды ұйқысынан оятатын есіктің қоңырауы емес, жүрегіндегі қоңырау еді. Күйеуіне шын жан дүниесімен беріліп, оның көңілінен шығуға, разылығын алуға ұмтылған жанға Алла осылай жәрдемдеседі екен ғой. Сол ниетіне орай Алла оның дәрежесін көтерді, күйеуінің тықырын алыстан сезетін сақтық берді!

«Не бопты сонша, келсе келер» деп ықылассыз болса, бұндай мәртебеге ие болмас еді ғой!
Мұндай қазақ аналары жоқ емес, бар. Тіпті, көп! Даналығы мыңға татыр мұндай жандарды қалай құрметтемейсің, қалай қадірлемейсің?!


Материал Төлеуғали Есетұлының парақшасынан алынды.

24 наурыз 2020 ж. 1 057 0